Талдықорған: +34°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дүбірлі дода

Сөзге жүйрік, ойы ұшқыр жастарға арналған «Ділмар» тележоба- сының үшінші маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық «Жетісу» телеарнасынан беріліп жүрген хабарға өңір-өңірдің жас пікірсайысшылары қызығушылық танытып, аталған бағдарламада бақтарын сынап көрді. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған сөз додасына іріктеуден өткен шынайы таланттар қатысты.

27.05.2025
КҮНДЕРЕК
Дүбірлі дода

«Ділмар» бағдарламасы алғаш рет 2022 жылдың желтоқсан айында эфирге шықты. Эфирден берілетін ой мен сөз жарысының бірінші маусымы облыстағы аудан, қалалардың оқушылары арасында өткізілсе, екінші маусымы республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Онда әуелі өңірдегі үздік командалар анықталып алынды. Жетісу облысы бойынша іріктеу кезеңінде облыстағы 3 топтың ұпай саны тең болғандықтан үшеуі де республикалық кезеңге жіберілді. Сөйтіп, басқа аймақтан 5 команда келіп 8 топ республикалық кезеңде бақ сынады.

Алғашқы маусымдағы эфирді жүргізген журналист Меруерт Мұратбектің кәсіби шеберлігінің арқасында «Ділмар» хабары көрерменнің тұшынып отырып көретін бағдарламасына айналды. Одан кейінгі шығарылымдарды «Жетісу» телерадиокомпаниясының хабар тарату және мұрағат бөлімінің жетекшісі, журналист Мұрат Жұмабай тізгіндеп жобаның мән-мағынасын арттырды.

– Екінші маусымға пікірсайысшылар Абай, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан келді. Жарыс қорытындысына байланысты I орында Жетісу, II орынды Түркістан, III орынды Жетісу алды. Біз ол жерге қазақ тілінде пікірсайысқа қатыса алатын өзге ұлт өкілдерін шақырдық. Олардың ішінде тілді жетік меңгерген жастар болды. Кейбіреулері әлі күнге дейін бізбен хабарласып тұрады. Келіп-кетіп жүреді. Виктория дейтін кәріс қыз «Ұлтым кәріс болса да жүрегім қазақ» – дейтін еді. Оның ұлтжандылығы бізді қайран қалдыратын, – дейді «Ділмар» хабарының жүргізушісі Мұрат Жұмабай.

Ал үшінші маусымға республиканың 6 аймағынан командалар шақырылады. Ұйымдастырушылар ол жерде міндетті түрде қатысушының біреуі колледж студенті болу керек деген шарт қояды. Бұл жолы Қарағанды, Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Ақмола және Жетісу облысынан екі топ сөз додасында өз бақтарын сынады.
«Ділмар» тележобасының өтуіне мұрындық болғандардың бірі – ұлттық және халықаралық деңгейдегі пікірсайысшыларды жаттықтырушы Гауфария Ахметова. Оның бұл бағытта жұмыс істеп келе жатқанына 30 жыл болыпты. Көздегені қазақ тіліндегі пікірсайысты дамытып, жастардың шешен сөйлеп, тілдерінің анық та қанық шығуы.

– 2008 жылға дейін мектеп оқушыларының пікірсайысы жақсы жүргізіліп келді. Кейіннен мемлекет тарапынан қолдау болмаған соң пікірсайыс бағдарламасы жабылып қалған. Ал студенттер өзара ұйымдасып ойнай беретін. Бүгінде университет, колледж және мектеп оқушылары да ойнап жүр. Мектеп оқушылары 3 тілде ойнайды. Жетісу облысы бойынша пікірсайыс жақсы дамыған. «Ділмар» жобасы ұяң балаларды оятып, шешендік өнерге бейімдеп, сын тұрғысынан ойлауына және жан-жақты дамуына айтарлықтай ықпал етеді, – дейді Гауфария Ахметова.

Жарыстың жартылай финалына Алматы, Қарағанды, Жетісу, Қызылорда облысының өрендері өтті. Олардың дәйекті де мазмұнды ойларын арнайы бекітілген әділқазы алқалары бағалады. Сайысқа қатысушылар «Жасанды интеллект», «Еріктілер», «Өңірдің туризмін қалай дамыту керек?» сынды тақырыптарда сөз бен ой таластырды. Әлемдік деңгейдегі мәселелерді де қаузады.

Ақжан Исхақова «Ділмар» хабарына Қарағанды қаласындағы Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының атынан қатысып отыр. Фракцияласы Карима Алдабергенова. Олар бұл бағдарлама жөнінде жетекшілерінен естігенде бірден қатысуға шешім шығарыпты. Дайындықты сол күннен бастап кеткен екен.

– Біз Қарағандыда көбінесе пікірсайысты ВПФ форматында ойнайтынбыз. Жарысқа қатысу үшін АПФ жүйесінде жиі ойнап дайындалдық. Сол арқылы өзімізді шыңдап, қазір осы жобаға келдік. Жетісу жері бізді ерекше жылылықпен қарсы алып, қонақжайлық көрсетті. Бұл «Ділмар» бағдарламасы есімізде мәңгі қалатыны ақиқат. Себебі, мұндай тележобаға бірінші рет қатысып отырмыз. Бірінші ойынды Алакөл ауданымен ойнадық және жеңіп шықтық. Ол команда өте жақсы қарсылас болды. Жақсы дайындалған. Олар облыстық кезеңнен іріктеліп шыққандықтан шыңдалған деп айтуға болады, – дейді Қарағанды қаласы Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушысы Ақжан Исхақова.

Ұйымдастырушылар аталған хабарға шалғай жатқан Батыс өңірлерінен де қатысқысы келетіндер бар екенін айтады. Бұл жоба жалғасын тауып жатса алдағы уақытта оларға да шақырту жіберілмек.

– «Ділмар» республикалық турниріне алғаш рет келуім. Бірақ оның алдында «Ділмар» шешендік – өнер жарыстарына келіп жүрген болатынмын. Телевизиялық жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бірінші қарсыласымыз Ақмола облысы болды. Олардың пікірсайысшылары мықты екенін дәлелдеді. Негізі мұнда келген қарсыластардың ешқайсысы осал емес. Жартылай финалға өту оңай болмады. Дегенмен, біз көздеген мақсатымызға жеттік. Осы жобаны ұйымдастырып, өтуіне атсалысып жатқан жандардың барлығына үлкен алғыс айтамын, – дейді Қызылорда облысы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы Бақдәулет Тәуекелұлы.

Айта кетейік, «Ділмар» тележобасы әр аптаның сенбі күні сағат 18.00-де көрсетіліп келеді. Үшінші маусымның жеңімпазы қай өңір болғанын білгіңіз келсе алтыншы айдың 15-і күні «Жетісу» телеарнасын қосыңыз.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

17.06.2025
Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

17.06.2025
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.