Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 15 қыркүйекте аяз, найзағай, бұршақ пен қатты жел сынды қауіпті құбылыстар тіркелуі мүмкін.
Мамандар тұрғындарды барынша сақ болып, ауа райының өзгерістеріне назар аударуға шақырады.
-
Астана: түнде және таңертең тұман түседі.
-
Шымкент: күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
-
Ұлытау облысы: түнде және күндіз найзағай, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Желдің күші 15-20 м/с. Жезқазған қаласында бұршақ пен қатты дауыл күтіледі.
-
Қарағанды облысы: кей жерлерде найзағай, бұршақ пен дауыл болады. Түнде және таңертең тұман, ал жекелеген аумақтарда -2°С дейін аяз.
-
Түркістан облысы: күндіз найзағай, бұршақ, дауыл. Желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары.
-
Ақмола облысы: түнде және таңертең тұман түседі, батыс бөлігінде -1°С дейін аяз болады.
-
Атырау облысы: төтенше өрт қаупі сақталады.
-
Жетісу облысы: таулы аймақтарда тұман түседі. Шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
-
Ақтөбе облысы: күндіз найзағай, жел 15-18 м/с. Кей аудандарда өрт қаупі жоғары.
-
Батыс Қазақстан облысы: шығыста өрт қаупі жоғары, өзге аумақтарда — төтенше деңгейде.
-
Жамбыл облысы: күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.
-
Абай облысы: түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерде -2°С дейін аяз болады.
-
Шығыс Қазақстан облысы: түнде және таңертең тұман. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Кей аудандарда -3°С аяз. Өскеменде қолайсыз метеожағдайға байланысты ескерту жарияланды.
-
Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең тұман, кей өңірлерде -1°С аяз.
-
Павлодар облысы: түнде және таңертең тұман, -3°С дейін аяз күтіледі.
-
Қостанай облысы: күндіз найзағай, түнде тұман болады. Кей жерде -1°С аяз, ал оңтүстік-батысында өрт қаупі төтенше деңгейде.
-
Маңғыстау облысы: түнде және таңертең қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Кей өңірлерде өрт қаупі төтенше деңгейге дейін жетеді.
«Қазгидромет» мамандары халыққа мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, қатты жел кезінде биік ағаштар мен ескі құрылыстардан аулақ жүруге кеңес береді. Сондай-ақ жүргізушілерге жолда аса мұқият болу ескертіледі.





