Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ел ырысы ысырапсыз жиналады

Нәпақасын жерден терген ескелділік диқандар күзгі жиын-терінге білек сыбана кіріскен. «Қыс шанасын, қыс арбасын» сайлап үйренген мұндағы ағайын егіннің бітік шыққанын алға тартады. Енді сол бітік егінді шашау шығармай жинап алу басты мақсат. Күн райы да дала еңбеккерлерінің ығына жығылып тұрғандай. Жауын-шашын жоқ. Мұндай сәтте диқандарға қарқынды қимылдау керек.

11 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Ел ырысы ысырапсыз жиналады
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Ескелді ауданының шаруа- лары 53 мың гектардан аса жерге дән септі. Оның 30 мың гектарға жуығы масақты дақылдарға тиесілі. Қазір жерден ел ырысын жиғандар 26,3 гектардағы өнімді қамбаға құйды. Орташа өнімділік әр гектарға 17 центнерден. Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Қанат Сатығұловтың айтуынша, биыл мұндағы шаруалар 45 мың тоннадай өнім жиыпты. Одан бөлек, диқандар 14,2 мың гектарға майлы дақыл дәнін сепкен. Қазір оның 10 мың гектарға жуығы жиналған. Аудан шаруаларының маңдай тері ақталып, әр гектарына 21,3 центнерден өнім алуда.

– Күзгі жиын-терін қарқынды. Әзірге жауынның жоғы қуантады. Шаруалардың егінін қиындықсыз жинауына қарасып тұр. Қазір диқандар көкөніс пен бақша дақылдарын толық жиып алды. 1 мың гектарға бақша дақылдары, 1,1 гектарға картоп егілген еді. Ескелділік шаруалар осынша егістіктен 23,2 мың тоннадай картоп, 26,3 мың тоннадай бақша өнімін жинады. Қазір егін жинаумен қатар күзгі егу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сай 6,5 мың гектарға күздік бидай себу, 18,1 гектар сүдігер жырту жоспарланған. Қазір дала еңбеккерлері 4 мың гектарға дән сеуіп, 14,5 мың гектар жерді жыртты, – дейді Қанат Сатығұлов.

Аудан маманының сөзіне сенсек, шаруалар техникадан тапшылық көріп отырған жоқ. Техника жеткілікті. Астық жинайтын 126 комбайн бар. Оның үшеуі картоп, 21-қант қызылшасын, 122-сі астық жинауға негізделген. Айтпақшы, ауданда биыл 85 шаруашылық тәтті түбір еккен. Шамамен 1,9 мың гектар қызылша алқабында да жиын-терін жұмыстары басталған. Аудандық сала мамандарының сөзіне сенсек, 200 гектарға жуық алқаптан өнім жиналған. Шамамен, жиылған 10,7 мың тонна тәтті түбірдің 9 мың тоннаға жуығы Көксу қант зауытына өткізілген. Айта кететін жайт, аудан шаруалары әр гектарына 570 центнерден өнім алуда.

– Мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесінде шаруалар келер жылы 2,5 мың гектарға тәтті түбір егуге ниетті. Биыл егін жинау науқанында диқандар еш алаңдаусыз еңбек етуде. Күзгі дала жұмыстарына шаруалар 585,6 тонна жанар-жағармайға өтінім берді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге 1 литр жанармай 255 теңгеден ұсынылуда. Күзгі жиын-терінге шаруалардың өтінімі 95 пайыз қанағаттандырылды, – дейді Қанат Сатығұлов.

Жоғарыда айтқанымыздай, ауа райы шаруаларға болысып тұр. Бас- тысы, жаз бойы төккен тердің өтеуі болар түйір дәнді шашау шығармай қамбаға құюға жазсын.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.