Талдықорған: +20°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕЛБАСЫ: «ӨЗІМІЗДІҢ ТАҒАМДАР ҚАЙДА?»

29.11.2018
КҮНДЕРЕК
ЕЛБАСЫ: "ӨЗІМІЗДІҢ ТАҒАМДАР ҚАЙДА?"
WhatsAppTelegramFacebook

Президент асханасының бас аспазы болу – кез келгенге бұйыра бермейтін бақ. Бірақ жауапкершілігі өте зор. Егемен елдің Тұңғыш Президентінің ас мәзіріне 27 жыл жауапты болған алғашқы жеке аспазы Алексей СЫРЫХТЫҢ бүгінде сол шақты сағынышпен еске алатыны бар. Оны танымал фотограф Кирилл ФЕДОРОВПЕН болған әңгімесінде айтып берген еді. Ендеше аспаздың екеуара отырғанда айтылған әңгімесіне құлақ түрелік.

— Техникум аяқтап, әскерге барып, борышымды өтеп келген соң, бірден Министрлер кеңесіне қарасты шаруашылық басқармасының диеталық асханасына жұмысқа орналастым. Бұл 1985–1987 жылдар болатын. Бірде маған: «Мәскеуге ұшасың, аса маңызды адамды тамақтандыратын боласың», – деді. Ол кісіні қайырлы таң, қайырлы күн, кеш жарық сияқты сөздерден артық мазаламауымды ескертті. Ұшаққа мінгенде сол кездегі ҚазССР Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты көрдім. Өмірімде бірінші рет 18 күнге сапарға шықтым. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы төрт күннен кейін бүкіл қызметкерлерін шақыртып, мені  бас аспаз қызметіне бекітуді тапсырды. Содан бері 27 жыл қызмет істедім. Қай жерде болсын бірге еріп жүрдім. Менің негізгі бастығым Президент істері жөніндегі аппараттың жетекшісі Владимир Василийұлы Ни болды. Сегіз жыл өткеннен кейін қасыма екі даяшы қосуыма рұқсат берді. Ал мен іссапарларға тек біреуін ертіп алатынмын.

Тәулігіне бір-екі сағат қана ұйықтаймыз. Жұмыс кестесі өте тығыз. Тағамды өзім бірінші жеп, ішіп көріп барып қана дастарқанға қоятынмын. Тәуліктің қай кезі болсын жұмыста болдық. Отбасыма, демалуға тек он күннен артық уақыт берілген емес.      

Бірде бұрынғы АҚШ Президенті Билл Клинтон келді. Оны италиялық үлгідегі мейрамханада күттік. Оған арнайы «Капрезе» салатын, кептірілген алмұрт қосылған ризотто бердік. Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз не Италиядамыз ба? Өзіміздің тағамдар қайда?» – деді. Бірақ біз қазақ асханасын қосымша дайындап қойған едік, бірден ұсындық. Онда бесбармақ, қуырдақ және манты болды. Үлкен табаққа салып, алдына қойдың басын алып келгенімізде, Клинтонның шошып кетпесі бар ма? Әлсіз ғана дауысымен алып кетуімізді өтінді. Бірақ қонағымызға тамағымыз қатты ұнады. Артынша сақтық үшін италиялық мейрамханада жасаған қазақтың тағамдары үшін Елбасы жеке шақырып, рахметін айтты.

Елбасы шеттен келген қонақтарға міндетті түрде қазақтың дастарқанын жайғызады және үстелде тұрған әр тағамды меймандарға жеке таныстырады.

Әр аспаздың өз құпиясы болады және оны ешкімге айтпайды. Иә, тамақтың жасалу жолы, оған қосатындарды бәрі білгенімен де тәжірибеден өткізіп жүріп, ерекше дайындау әдістерін ойлап табасың.

Елбасы тамақ талғамайды. Бастысы әртүрлі, дәмді болуы керек. Бірақ қазақ болғаннан кейін асылған етті жақсы көреді. Көкөністермен пісірілген тауық етін, балықты, борщты ұнатады.

Көбінде ет пен сүтті сол кездегі Панфилов кеңшарынан арнайы алдырттық. Ал тапсырыс берілген басқа азық-түліктер сертификатымен келетін. Қазіргідей іші-сыртын бір сәулемен ғана тексеріп шығатын аппараттар жоқ, бәрін өзің жеп көруің керек болды.   

Бүгінде өз еңбек жолымды жалғастырып, алып шаһардағы үлкен банкет залында басшылық қызмет атқарамын. Мойындаймын, бұл жерде жауапкершілік Қазақстан Республикасының бірінші адамын тамақтандырудан жеңіл. Өйткені, ол кезде әр күнім – бір сынақ болатын. Мен үшін егемен елдің Тұңғыш Президентін тамақтандыру үлкен мәртебе болды, болып қала береді.

Дайындаған — Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026
Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

30.03.2026
Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

30.03.2026
Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.