Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалында америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды. Бұл жеңістің нәтижесінде Елена Рыбакина дүйсенбі күні WTA рейтингінде әлемнің 3-ракеткасы атанады.
Финалда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Арина Соболенко жартылай финалда украиналық теннисші Элина Свитолинаны жеңіп шыққан.
Финалдық матч 31 қаңтар күні Қазақстан уақытымен 13:30-да басталады.
Айта кетейік, Australian Open-2026 турнирі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтіп жатыр. Турнирдің жалпы жүлде қоры 74,9 миллион АҚШ долларын құрайды. Ал жекелей сынның жеңімпазы 2 793 365 доллар көлемінде сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.





