Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Еліміздің 17 өңіріне ескерту жарияланды

5 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Еліміздің 17 өңіріне ескерту жарияланды

7-su.kz/ Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

5 қыркүйекте Алматыда және еліміздің 17 облысында дауыл тұруы мүмкін. Бұл туралы ескерту күшіне енді, – деп хабарлайды 7-su.kz.

Қазгидромет таратқан мәліметке сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның көптеген аймақтарында қатты жел, нөсер жаңбыр, бұршақ, найзағай, шаңды дауыл және өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

5-6 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

Аймақтың бірқатар бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ пен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысы

Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Өңірде өрт қаупі жоғары болып отыр.

Алматы облысы

5-8 қыркүйек аралығында облыстың көптеген аумағында, сондай-ақ Алматы мен Қонаев қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Түнде шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысы

Солтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің батысында және солтүстігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Абай облысы

Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысы

Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең тұман түсіп, кей жерлерде үсік жүреді (0°С-қа дейін). Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысы

Солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз шаңды дауыл тұрады. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

Кей жерлерде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өңірдің оңтүстігінде төтенше, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысы

Таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысы

Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман болады.

Ақтөбе облысы

Кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең тұман түседі, кей жерлерде найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысы

Батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді, өңір бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі бар.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.