ІІМ мектептерде Жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, құқықтық ағарту, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Жұртшылықтың назарын аудару мақсатында түрлі профилактикалық акциялар, олардың ішінде балалардың жол-көлік жарақаты жағдайын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.
«Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламаларында жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынады. Мұндай сабақтар арқылы жолдарда заңға бағынатын мінез-құлық нормаларын сіңіріп, өзі жүргізуші болған кезге дейін есейген сайын жол қауіпсіздігіне жағымды әсер етеді», — деді Қайсар Сұлтанбаев.





