Қазақстанда бірнеше жаңа кәсіби мерекелер пайда болды.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер тізімін жариялады.
Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32924 болып тіркелген) 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, – делінген министрлік бұйрығында.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби мерекелер қатарында Қазақстанда бухгалтерлік есеп, қылмыстық-атқару, қаржы мониторингі, колледж мұғалімдері және т.б. сала мамандарының кәсіби мерекесі пайда болатын болды. Ол кәсіби мерекелерге:
- 28 қаңтар – Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні;
- Шілде айының біріншісі жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
- Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласындағы қызметкерлер күні;
- 2 қазан – ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні;
- Қазан айының соңғы жексенбісі – Авто транспорт саласы қызметкерлері және Автожол саласы қызметкерлерінің күні;
- 10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні;
- 13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні”, – мерекелерімен толықтырылатын болды.





