Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Елімізде желтоқсаннан бастап жүргізушілерге жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұл екі есе өседі

11.10.2024
КҮНДЕРЕК
Елімізде желтоқсаннан бастап жүргізушілерге жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұл екі есе өседі

Желтоқсанда жылдамдықты шектен тыс асырып айдаған жүргізушілерге айыппұлды көбейту туралы әкімшілік кодекске өзгеріс күшіне енеді. Дегенмен сарапшылар соманы екі есе арттыру заңбұзушылықтар санына әсер етпейді деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі айдан кейін белгіленген норманы сағатына 60 шақырымнан асырғандар 40 АЕК, яғни 147 мың теңге төлейді. Қайталанған жағдайда сома 221 мың теңгеге дейін артады. Ал қазір айыппұл – 73 мың.

Осындай заң бұзушылықтар үшін айыппұлдарды көбейту орынды деп есептеймін. 5 шақырым асып кетіп, кейде байқамай жатамыз. Бірақ белгіленген норма 40 болғанда, 100-бен жүру – бұл анық заңбұзушылық”, – деді тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков. 

Тағы бір сарапшы заңбұзушыларды ештеңе тоқтатпайтынын айтады. Сөзінше, 73 мың айыппұлдан қорықпаған адам 147 мың теңгенің айыппұлына да алаңдамайды. Өйткені мұндай заңбұзушылықтарды көбіне жағдайы нашар емес азаматтар жасайды. Одан да жүргізуші куәлігінен айырып, алғашқы 7 күн үшін 50% жеңілдік мүмкіндігін алып тастау керек дейді. 

“Инженерлік шешімдер қажет. Жылдамдықты арттыруға жағдай жасаудан аулақ болу керек. Қалада жоғары жылдамдықпен жүретін мүмкіндік болмау керек. Мысалы қиылыстарда жасанды тарылту бар. Алматының немесе басқа қаланың қауіпті қиылыстары картасы қажет”, – деді «За рулем» журналының бас редакторы Алексей Алексеев. 

 

Фото: vk.com

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.