Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕЛОРДА ТОЙЫ ЕРЕКШЕ ӨТПЕК

01.02.2018
КҮНДЕРЕК
ЕЛОРДА ТОЙЫ ЕРЕКШЕ ӨТПЕК
WhatsAppTelegramFacebook
     Астана туралы жаңалықтарымызды жалғастырсақ. Биыл жиырма  жылдығын мерекелейтін бас шаһардың тойына орай іргелі шаралар қолға алына бастағанына біршама уақыт болды. Бұл – басы ғана. Дүйім жұрттың назарын аударған думанды күндер, ілкімді істер, жаңаша жұмыстар алдағы айлардың еншісінде. Кезегі келгенде оларды да оқырман назарына ұсынамыз деген ойдамыз. Ал әзірге…

 

 

Үздік бренд

     Бастапқы әңгімемізді мерейтойға орай өткізілген брендбук байқауынан бастасақ. Жуырда бірнеше аптаға созылған жарыстың жеңімпаздары анықталып, салтанатты жағдайда марапатталды. Жиында Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Берік Жәкенов бұл шараға Елордадан басқа еліміздің барлық өңірлерінен дизайнерлер өз жобаларын ұсынғанын жеткізді. 61 өтініш берушіден 150-ден астам жұмыс келіп түскен. Әсіресе, жастар жоғары белсенділік танытқан көрінеді. Нәтижесінде, байқау комиссиясы 8 жобаны Астананың 20 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық комиссия қарауына жіберген.
     Басқосу барысында жұмысы үздік деп танылған 8 дизайнер марапатталды. Ал байқаудың бас жүлдесін қанжығалаған «КазЮнион Консалт» ЖШС арт-директоры Ақмарал Еспенбетоваға Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы 8 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. «Логотипті үш апта ішінде әзірледік. Жұмысымыз бас қаланың келбетін айшықтайды. Онда сұңқар құсы бейнеленген. Мемлекеттік рәміздердің түсін пайдаландық. Мысалы, логотиптегі «20» саны Тудағы күннің түсімен, ал «Астана» деген жазу көкшіл түспен жазылған. Жалпы, байқауға үш жұмыс ұсынған едік. Соның бірі жеңімпаз атанып отыр. Өте қуаныштымыз», – дейді байқау жеңімпазы Ақмарал Еспенбетова.

«Астана» шыңы 

      Елорданың мерейтойына орай халықаралық альпинистер тобы еліміздегі 20 тау шыңын бағындыруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда оның ең соңғысы – атаусыз. Жиырмасыншы шың бағындырылған соң оған «Астана» деген атау беріледі. «Біздің компания тау шыңдарына шығудың арнайы бағдарламасын ұсынды. Бүгінде ұйымдастыру жұмыстарымен айналысудамыз. Ең соңғы бағындырылған шыңға «Астана» атауын береміз. Шараға аты әлемге әйгілі альпинистермен қатар біздің спортшыларымыз да қатысады. Бұл – еліміздің таңғажайып табиғатын күллі әлемге паш ететін үлкен мүмкіндік», – дейді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.
     Сонымен қатар, Италия мен Польша елдеріне ортақ атақты саяхатшы Яцек Палкевич Жібек жолын қайтадан жүріп өтпек. «Саяхатшы бұл сапарын Елорданың 20 жылдығы мен Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығына арнамақ. Жиһанкез Қытайдан бастап, Қазақстан арқылы Орта Азияға, Ресейге және Белоруське дейін жетіп, Польшада тоқтамақ. Яцек жолшыбай Астана арқылы Бурабайды да кесіп өтеді», – деп жоспарларымен бөлісті басқарма төрағасы. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басшылығы аталған іс-шаралардың барлығы еліміздің туризм саласын дамытуға елеулі үлес қосатынынан үмітті. 

Жетісулықтар саябақ ашады

     Жөні бөлек жаңалық, бас шаһардың тойына орай Астана қаласында Алматы облысының «Жетісу» отбасылық демалыс саябағы  құрылады. «Парктер мен алаңдарды жасылдандыру да маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Биыл бізде бірқатар маңызды жоба бар. Астанада «Жетісу» отбасылық демалыс саябағы құрылады. Бұл жобаны Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында Алматы облысының әкімдігі жүзеге асырады. Ол отбасылық демалыс орындары, спорттық алаңдары және  әткеншектері бар өте әдемі саябақ болады», – дейді Елорда әкімі Әсет Исекешев.
    Қаланы жасылдандырудың басты жобасы – Ботаникалық бақ. Оның құрылысы биыл аяқталады. Сондай-ақ сүрілетін апатты үйлердің орнына қоғамдық бақтар отырғызылады. «Сонымен қатар, 60 шақырымнан астам велосипед жолдарын салу жоспарланып отыр. Менің ойымша, бұл спортқа ендірілетін жақсы жоба», – деді әкім.

Асхат РАЙҚҰЛ.
Астана 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

30.01.2026
«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

30.01.2026
Спорт пен туризм: Министрлік 2026 жылдың жоспарын саралады

Спорт пен туризм: Министрлік 2026 жылдың жоспарын саралады

30.01.2026
Бүгін – «Жыр қағаны» Жұматай Жақыпбаевтың туған күні

Бүгін – «Жыр қағаны» Жұматай Жақыпбаевтың туған күні

30.01.2026
Әлемжелінің әсері: Бала тәрбиесіне тыйым керек пе?

Әлемжелінің әсері: Бала тәрбиесіне тыйым керек пе?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.