Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Еңбек жемісін көретін кез

4 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Еңбек жемісін көретін кез

Сұңғат ӘЛІПБАЙ/ «Егемен Қазақстан».

WhatsAppTelegramFacebook

Еңбек көрігін қыздыратын күз мезгілі де келді. Бұл уақыт шаруалардың жаз бойы күтіп-баптап өсіргендерін жиып-теріп, еңбек жемісіне кенелетін берекелі де мерекелі шақтарының бірі. Табиғат – Ана сыйлаған мол ырыздықты уақытылы жинап алу қамына кіріскен ауылдықтар қазір дала төсін дүбірге бөлеп, бел жазбай еңбек етуде. Бағалы дақыл саналатын қант қызылшасын өсіруге ден қойған диқандар да күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарды қыздыруға кірісті.

Алдымен аймақтағы ауыл шаруашылығы жұмыстарының қалай жүріп жатқанына назар аударып көрейік. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиковтың берген мәліметіне жүгінсек, биыл барлығы 500,0 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы себілген. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, арпа-бидай, сұлы, тары, күріш, дәндік жүгері, тағы басқалары бар. Масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жаз айының ортасынан басталып, оған комбайн, трактор сияқты техникалар жұмылдырылды.

Жалпы биыл 711,4 мың тонна астық жиналады деп күтіліп отыр. Бүгінде масақты дәнді дақылдардың әр гектары орта есеппен 16,2 центнерден айналып, өнім берекесін тасытуда. Осы уақытқа дейін оның 83,5% -ы орылып, 315,3 мың тонна астық бастырылды. Осы астықтың 151,4 мың тоннасы мал азығы үшін сатылып, қалғаны қоймаларға құйылды. Сонымен бірге, бақша және майлы дақылдар мен картоп жинау ісі де аса маңызды іс. Қазіргі кезде 106,2 мың гектар жерге себілген майлы дақылдардың 2,3 мың гектары орылып, 1,5 мың тонна өнім алынды. Бақша дақылдары мен картоп, көкөністердің де түсімі мол.

Қолдағы төрт түліктің қыстан аман шығуына ауылдықтар ерекше мән береді. Өйткені, ол азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Осыны жақсы білетіндер мал қыстату науқанына 2 млн. 236 мың тонна жемшөп дайындауды жоспарға алыпты. Оның ішінде 1 млн. 268 мың тонна шөп, 341 мың тонна сабан, 117 мың тонна пішендеме, 203 мың тонна сүрлем, 307 мың тонна жемдік астық бар. Мал азығының шабындық алқабы 92,5 мың гектарды құрайды. Бүгінде төрт түлікке қажет жемшөптің басым бөлігі дайын.

Облысымыз үшін бағалы дақыл саналатын қант қызылшасын өсіру және оны уақытылы жинап алу жұмыстарына да айрықша мән беріледі. Себебі, бұл дақылды жер бетіне шыққаннан бастап арам шөптерден тазарту, керекті тыңайтқыштармен қоректендіру, күтіп-баптау, техникалар мен оған қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету сияқты шаруаларды атқаруға үлкен еңбек жұмсалады. Субсидиясы өз алдына. Міне, осының бәрі ойдағыдай өнім алуға айтарлықтай ықпал етеді.

Қант зауыттарының өндірістік қуаттылықтары ескеріле келе биыл барлығы 12 162 гектарға тәтті түбір егілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 1,5 мың гектарға кем. Көксу және Ақсу қант зауыттарының өкілдері мен аудандық және қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының қатысуымен жасалған таксация нәтижесінде, қант қызылшасының жалпы өнімі 528,0 мың тоннаны құрады немесе жоспардан 19,2 мың тоннаға төмен болмақ.

Қант қызылшасын жинап, зауыттарға өткізу қыркүйек айының соңына қарай басталады. Ал қазан айының бірінен шикізат өңдеу жұмыстары іске асырылады деп күтілуде. Дақылды шаруашылықтар зауыттармен келісілген кестеге сәйкес өткізеді. Қазір зауыттар күзгі науқанға қызу дайындық үстінде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімдігінің тұрақты бақылауына алынған.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.