Талдықорған: 0°C
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ғалымжан Маманбаев: «Сарқан туризмнің қайнар көзіне айналады»

08.11.2025
КҮНДЕРЕК
Ғалымжан Маманбаев: «Сарқан туризмнің қайнар көзіне айналады»

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Күз басталысымен «Jetisý» газетінің тілшілері ел аралап, халық арасындағы жаңалықтарды өз көзімен көріп, аудан-қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне көз жеткізіп қайтатын әдеті. Осы дәстүрмен редакция тілшілері бұл жолы Сарқан ауданына ат басын бұрды. Аграрлы және туризмнің негізгі көзі болатын шұрайлы өңірдің тыныс-тіршілігіне көз жеткізу мақсатында ең бірінші аудан әкімі Ғалымжан Маманбаевпен жолығып, шағын сұхбат құрған едік. Осыған назар аударыңыз, оқырман.

– Ғалымжан Қанатұлы, ең бірінші сауалымызды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында тапсырылған 7 бағыттан бастасақ дейміз. Жолдауда өңірлерге инвестиция тартуды қадап айтты. Осы бағыт ауданда қалай жүзеге асуда?

– Иә, инвестиция – өңір дамуының негізгі капиталы. Биылғы жылдық жоспар бойынша 51 млрд. теңге. Айталық, өткен жылы облыс бойынша инвестицияны көп тартқан аудан Сарқан. Мәселен, 73 млрд. теңге көлемінде инвестиция келсе, соның 80 пайызы жеке инвесторлар. Биыл да 10 айдың көрсеткіші бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар 24 млрд. 99 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 77,2%. Жыл әлі аяқталған жоқ. Жеке инвестор есебінен 40 млрд. теңгені құрайтын ең үлкен жоба – «Екіаша» су қоймасы. Қазіргі таңда жобаның өзгеруіне байланысты жұмысы кешеуілдеп тұр. Жыл аяғына дейін алғашқы кезеңін іске қосады. «Екіаша» су қоймасы толығымен 2028 жылы аяқталмақ. Барлығы іске қосылған кезде Сарқан ауданының 11 мың гектар жеріне су жетеді. Бұдан басқа, шағын инвестицияларымыз бар. Бір сөзбен айтқанда жыл аяғына дейін жоспарды орындаймыз.

– Ауданда өндіріс саласында қандай жаңалықтар бар? Өндіріс ошақтары ашылды ма?

– Сұрағыңыз орынды. Бізде ең ірі өндіріс орнының бірі – сүт өнімдерін өңдейтін зауыт. Одан бөлек, өзіңіз білесіз, өткен жылы сізбен сұхбаттасқан кезде жүгері кептіру цехын ашамыз деп уәде еткем. Бұл жұмыстар атқарылды. Ресей және Қытай елінен жүгері мен бұршақты кептіруге арналған автоматты қондырғы қойдық. Олар қыс бойы жұмыс істеп, шаруашылардың өнімдерін кептіріп, халыққа қалтқысыз қызмет етті. Бірақ биылғы көктемнен бастап жұмысын уақытша тоқтатып тұр. Оның да себебі бар, шаруалар жүгерінің тұқымын өзгертіп, ылғалдылығы аз болатын тұқымды сепкен. Алдағы уақытта ол өндіріс орындары басқа бағытқа ауысуы мүмкін. Бұдан бөлек, күнбағыс майын шығаратын және соя өңдейтін зауытымыз бар. Өнімдеріне сұраныс өте көп. Ауданға үлкен кіріс әкеліп отырған осы ірі өндіріс орындары. Ұсақ өндірістер де шетінен ашылып жатыр, олардың да өңірге қосқан үлесі көп және аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

– Экономиканың негізгі салаларының бірі – туризм. Сіз басқарып отырған аймақтың туризмді дамытуға әлеуеті зор. Осы жұмыстарға тоқталсаңыз?

– Шындығында Сарқан ауданы туризмнің қайнар көзі десек артық айтпаймыз. Тауымен де, суымен де мақтана алады. Ең бірінші – Балқаш көліне келейік. Бүгінде жолы толықтай бітті. Енді демалушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында үлкен жұмыстарды атқарып жатырмыз. Дәл қазіргі уақытта Алматы қаласындағы жобалаушылармен бірлесіп көл жағасына мемлекеттік үш коммуналдық жағажай салуды жоспарлап отырмыз. Жобамызды облыс әкімі қолдады, келесі жылдың бюджетіне ақша бөлетін болды. Ол жерде ең бірінші автотұрақ, Арбат, екі шетіне тамақтанатын орындар және әкімшілік ғимараты бой көтермек. Одан да бөлек, демалуға келгендерге көңілді кеш сыйлау мақсатында амфитеатр, би кешін өткізу алаңы секілді және қауіпсіздікті сақтау мақсатында құтқарушылар мен полиция жұмыс істейді. Міне, Балқаштың жағасы кезең-кезеңімен осылай дами бермек. Енді бізде таулы аймақ өте көп. Біз тағы да Жасылкөлімізбен мақтана аламыз. Қазір оған баратын жолдың жиырма шақырымын дайындап қойдық. Келесі жылы ағыны қатты өзеніне көпір салып, көліктер Жасылкөлдің жағасына дейін жетуге мүмкіндік туғызамыз. Тополевка ауылында «Visit орталығы» ашылған. Орталықта сегіз бағыт белгіленген, келген адам өзіне керекті бағытты таңдап, табиғаттың таңғажайыбын тамашалап қайтады. «Жаныңызға сая іздегіңіз келсе Сарқанға келіңіз!» деп айтар едім. Өйткені нағыз туризмнің отаны – саялы Сарқан.

– Енді руханиятқа ауысайық. Баспасөзге деген көзқарасыңыз қандай? Сіз газет оқисыз ба?

– Біз жастайымыздан газетпен көз ашқан ұрпақпыз. Оны сенімді түрде айта аламын. Республика, облыс, аудандағы болып жатқан жаңалықты газет бетінен оқығанды ұнатамын. Онда толық және нақты деректермен беріледі. Тіпті халықпен кездесуімде үнемі тұрғындарды әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа емес, газеттердегі мақалаға сенуге шақырамын. Жалпы аудандағы қызметкерлерден бастап қарапайым тұрғындарға дейін бес газетке міндетті түрде жазылу керек. Олар: «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», «Jetisý», «Вестник Жетісу» және аудандық «Сарқан» газеті. Міне, осы бес газет те жұмыс үстелімде міндетті түрде тұрады.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ришад Тұрғанбай

Қатысты жаңалықтар

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

03.03.2026
Құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шара өтті

Құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шара өтті

03.03.2026
Бабалар рухы кернеп тұр

Бабалар рухы кернеп тұр

03.03.2026
Жаңа Ата Заң ел дамуының адами өлшемін енгізді

Жаңа Ата Заң ел дамуының адами өлшемін енгізді

02.03.2026
Қолжетімді баспана: 35 отбасы үйлі болды

Қолжетімді баспана: 35 отбасы үйлі болды

02.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.