Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ГАЗЕТ – ТАРИХ ҚАЗЫНАСЫ

16.11.2024
КҮНДЕРЕК
ГАЗЕТ – ТАРИХ ҚАЗЫНАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Балапанды күзде санайды» дегендей, дәстүрлі жазылу науқанына байланысты сапарымызда жыр Құлагері Ілияс атамыз туған жерге атбасын бұрдық. Ақынның «Күйші» поэмасының бас кейіпкері Молықбай қобызшы дүниеге келген, ұлт зиялылары білім алған атақты «Мамания» мектебінің іргетасы қаланған, Ақын Сараның атын асқақтатқан, қазақ тележурналистикасының алдаспан перзенті Нұртілеу Иманғали ағамыздың кіндік қаны тамған, айта берсек, тарихи тұлғаларымен рухы асқақ ел жатырқамай, жатсынбай қарсы алды. Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбайұлының қабылдауында болып, алтын уақытымыздың бір мысқалын арнайы бөліп, өңір тынысын біліп қайттық.

Қазақы ғұрып бойынша үй иесі «бұйымтайды» қонақ шығып бара жатқанда сұрайтын еді. Біз керісінше «сүт сұрай келіп, шелегіңді жасырма» деген қағиданы ұстанып, әңгімеміздің әлқиссасын әкімнің жалпы газет-жорналға деген көзқарасынан бастадық.

– Кез келген әкім әр күнгі жұмысын газетке шолу жасаудан бастайды деп ойлаймын. Ауданның тыныс-тіршілігі өзімізге мәлім болғанымен елімізде, облысымыздың басқа өңірілерінде қандай жаңалық болып жатқанын біліп отыру басты міндетіміз. Ең әуелі еліміздің ішкі-сыртқы саяси өмірінен, әлеуметтік жағдайымыздан, экономикалық бағытымыздан ақпарат алу үшін бас басылымымыз «Егемен Қазақстан» газетіне шолу жасаудан бастаймын. Облысымыздың тыныс-тіршілігін біліп, басқа аудандардың ахуалынан хабар алу үшін міндетті түрде төл басылымымыз «Jetisyға» көңіл бөлемін. Ауыл өмірі назарымнан тыс қалмауы үшін аудандық «Ақсу өңірі» газетін де парақтап шығамын. Үтір-нүктесіне дейін түк қалдырмаймын десем, әрине өтірік болар, дегенмен, рухани, тарихи, мәдени, танымдық дүниелерді де мүмкіндігінше оқуға тырысамын. Өйткені газет – тарих қазынасы ғой. Күнделікті ақпараттан бөлек, ғасырлар қойнауындағы қалың тарихымыз қатталған құнды мұра деп есептеймін. 

Бұйымтайдан басталған сөзімізді осылай сабақтаған әкім осыдан бірнеше ай бұрын ауданға қарасты Матай ауылындағы «Кәусар» балабақшасы туралы «Jetisy» газеті көтерген сын мақалаға да тоқталып, сондай күйге түсуінің себебін де екжей-текжейлі баяндап, басылым көтерген басты мәселелердің әкімшілік пен облыстық білім басқармасы тарапынан қолға алынып, оң шешімін тауып жатқанын айтты. Сонымен бірге маман тапшылығынан, жалақының төмендігінен меңгерушілер мен тәрбиешілердің тұрақтамауы да бар екенін, кейбір елді мекенде бала санының аздығынан істеп тұрған балабақшаның жабылып қалғанын да жасырмады.  Балабақшадан басталған әңгімені ары қарай мектеп өмірімен ұштастырып әкеткен Берік Тынышбайұлы білім ордаларына қатысты біраз жетістіктерге тоқталып өтті.

– Бір қуанарлығы жалпы біздің облыста үшауысымды мектеп жоқ қой. Апаттық жағдайдағы мектептер ретімен қолға алынып, мүлдем жарамсыз деп шешім шығарған білім ордаларының орнына жаңа мектептер салынып жатыр. Көлтабан елді мекені мен Көшкентал ауылында жаңа мектеп салынып жатыр. Қаржыға байланысты Көлтабандағы құрылыс тоқтап тұр, ал Көшкенталдың мектебі бұйырса алдағы уақытта пайдалануға беріледі. Келер жылы Сәтбаев орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы әр жылда кезегімен күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, аудан бойынша екі кәсіптік колледж бар. Біреуі осы Жансүгіров кентінде, екіншісі Қапалда. Екі білім ордасында да заман талабына сай мамандар оқытылып жатыр. Мысалы, аудан орталығындағы колледжде қант зауытында істейтін мамандарды оқытып жатырмыз. Олар тек білім алып қана жүрген жоқ, қазіргі таңда қант қызылшасын қабылдап жатқандықтан бірден сол жерде маман ретінде тәжірибеден өтіп жатыр. Оқулары біткенше олар да дайын маман болып шығады деп үміт етіп отырмыз. Жыл сайын қант қызылшасының гектарын ұлғайтып жатқан соң, маман тапшылығы бірден байқалады. Бүгінгі студенттерді бірден еңбекке араластыру арқылы болашақта бұл мәселе толығымен шешілетініне сеніміміз мол.

Осы тұста әңгіме ауанын қынт қызылшасын жинау науқанының қалай жүріп жатқанын сұрадық. Басы зауыттың қабылдау есігіне енгенімен аяғы бірнеше шақырымға созылып, Ақсу өзеніне тіреліп тұрғанын көрдік. Бұған қарап, жұмыс жүрмей жатыр деген ой туындамауы керек. Себебі, биылғы жаз шаруаға өте қолайлы болды. Соның нәтижесінде қант қызылшасы мол өнім берді. Көліктердің кептеліс жасап тұрғанының бірден бір себебі осы. Әкімнің ендігі тілеуі Жер-ана берген мол ырыздықты ысарп қылмай жинап алу. Сөз арасында әлеуметтік саладағы атқарылып жатқан жұмыстар да таразыланды. Тұрғындар көп өтініш-тілек білдіретін тұрғынүй мен жер мәселесі де орайымен шешіліп келе жатқаны айтылды.  

Әкім болу – аудан халқы алдындағы жауапкершілік. Ал әке болу – отбасы ғана емес, ұл-қыз тәрбиелеп отырған соң ұлт алдындағы жауапкершілік. Ауданның тыныс-тіршілігінен басталған әңгімемізді отбасындағы әкенің рөліне қарай бағыттадық.

– «Отан – отбасынан басталады» деген сөз бар. Ендеше әкімнің қызметінен әке болудың маңызы жоғары. Өзінің шағын отбасын алып жүре алмаған адам елді қалай басқарады? Осы орайда әкенің міндеті әлдеқайда жауапкершілікті. Құдай берген бір ұл, бір қызым бар. «Қыз – жатжұрттық» дегендей қызым тұрмыста. Барған жерінің ошағын жағып, берекесін келтіріп отырса әке үшін зор бақыт сол. Ал ұлым шет елдің жоғарғы оқу орнында үшінші курста білім алып жатыр. Кейбір адамда «шетелде білім алған сол жақта қалып қояды, туған Отанына орылмайды» деген күдік бар. Ұлым: «Оқуға қаншалықты жағдай жасалғанымен туған жеріме, Қазақстаныма жететін жер жоқ. Оқуымды бітірген соң туған жеріме, өскен еліме қызмет етемін», – дейді. Өсірген балаңнан Отанына деген осындай құрметті сезіну бұл да бір бақыт. Балаларымның осылай өсуіне ең алдымен атасы мен апасының тәрбиесі әсер етті деп ойлаймын. Өзім ерте қызметке араластым. Әке-шешем қос немересіне ұлттық тәрбиенің уызын сіңіріп өсіргеніне күмәнім жоқ. Дәл қазіргі қоғамда ұрпақ тәрбиесі басты орында тұруы керек. Жат ағымға ермей, өзгенің қаңсығына жабыспай, ұлтының құндылығын бойына сіңіріп өскен бала ұлтына адал қызмет етеді деп ойлаймын. Елімізде мұндай балалар жоқ емес, сондай ұл-қыздарымыз көп болып, еліміз көркейе берсін деген тілегімді айтқым келеді.

Экономикамыз өрлеп, әлеуметтің әлеуеті жақсарып, ішкі-сыртқы саясат сахнасында тұғырымыз биік болуы үшін әрине, ұрпағымыз білімді һәм тәрбиелі болмақ керек. Оған қала демей, дала демей, билік демей, бұқара демей әр қазақ жауапты екені айтпаса да түсінікті.  

Жұматай ӘМІРЕ
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.