Талдықорған: +23°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ГАЗЕТТІҢ ОРНЫ ЖОҒАРЫ»: ОБЛЫС ӘКІМІ БАС БАСЫЛЫМНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

13.11.2019
КҮНДЕРЕК
"ГАЗЕТТІҢ ОРНЫ ЖОҒАРЫ": ОБЛЫС ӘКІМІ БАС БАСЫЛЫМНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл — еліміздегі бас газеттің 100 жылдық мерейтойы. Осыған орай, Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан ҚЫДЫРӘЛІНІ қабылдады.

Бас басылымның жетекшісімен өткен кездесуде аймақ басшысы Амандық Ғаббасұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде, ауылшаруашылығы, қант өндірісі, жүгері өсіру, мал бордақылау, әлеуметтік қорғау шаралары, туризмді өркендету ісінің жоғары деңгейде атқарылып келе жатқандығын тілге тиек етті.

– Қазір жаһандану ғасыры болғандықтан, интернет журналистикасы дамып, блогерлер белсенділік танытуда. Бірақ айтар ойы мен сөзі салмақты, әр мәселенің оңы мен солын байыптап, халыққа нақты ақпарат бере алатын газеттердің орны қашанда жоғары екенін ұмытпауымыз керек. Жалпы, ел қамы үшін атқарылған игі істерді халыққа жеткізуде «»Egemen Qazaqstan» газетінің рөлі ерекше екендігін айтқым келеді. Мысалы, кейбір аймақта орын алған кемшіліктерді біз БАҚ арқылы біліп, бірден мәселенің оң шешімін табуға тырысамыз. Міне, осылайша бізді халықпен тікелей байланыстыратын алтын көпір БАҚ екендігі жасырын емес.

Биыл еліміздің бас газетіне 100 жыл толып отыр. Ғасыр жасаған басылымның бұл үлкен белесі. Мерейтойға арналған шараларға Алматы облысы да белсене атсалысатынын жеткізгім келеді. Біз өз тарапымыздан қашанда қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Амандық Баталов.

Облыстың жеткен жетістігі мен бағындырған биігіне ерекше мән берген Дархан Қыдырәлі де өз ойын ортаға салды.

– Алматы облысының, соның ішінде, Талдықорған қаласының түрленіп келе жатқанына таңданбау мүмкін емес. Еліміз бойынша үш қала ерекше өркендеп, күн өткен сайын құлпырып келеді. Оның біріншісі, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы – Елбасының өзінің төл туындысы. Екіншісі – Түркістан, Елбасының бастамасымен орталық мәртбесіне ие болып, дамудың жаңа сатысына көтерілуде. Үшіншісі – Талдықорған қаласы, Елбасы туған облыстың орталығы. Жетісу жеріне әр келген сайын адам танымастай өзгеретініне тәнтімін. Облыс орталығы ғана емес, жалпы Алматы облысының жеткен жетістігін, даму қадамдарын үнемі «Egemen Qazaqstan»  газеті жазып, көпшілікке жеткізіп келеді. Ел игілігіне қызмет ету – біздің ортақ міндетіміз, – деді басқарма төрағасы.

Кездесуде Дархан Қыдырәлі басылымның өткені, бүгіні және алдағы жоспарлары жайлы ойымен бөлісті. Ғасырлық мерейтой аясындағы шараның барлығын ұлы тұлғалармен байланыстыра отырып, тағылымдық сипатта өткізуді жөн көрген газет ұжымы алғашқы сапары Абай еліне, Жидебай жеріне тағзым етуден бастаған. Ал биыл 125 жылдық мерейтойы аталып өткен жыр Құлагері Ілияс Жансүгіровтің де тағылымды шығармалары ертеректегі «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде бірнеше мәрте жарық көргендігін көпшілігіміз жақсы білеміз. Басқарма төрағасы сол себепті де Жетісу жеріндегі сапар Ілияс мұраларымен байланысты болып отырғандығын жеткізді.

Ел газетін әр жылда қазақтың маңдайына біткен кіл мықтылар басқарған. Мәселен, аталмыш басылымды басқарған 18 қайраткердің 15-і репрессия кезінде атылып, өзгесі қуғын-сүргінге ұшыраған. Сондықтан газеттің 100 жылдық жылнамасы тікелей  қазақ тарихымен үндесіп жатқандығын да айта кеткеніміз жөн. Осы орайда өңір басшысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-мемориалдың бой көтергенін, ол кейінгі ұрпақ үшін үлкен олжа екендігін айтты.

Кездесу соңында облыс әкімі Амандық Баталов ғасыр жасаған ата басылымның мерейтойымен құттықтап, еліміздегі жақсы жаңалықтардың жаршысы болуға, билік пен халық арасына орнаған алтын көпірдің берік болуына тілектестігін білдірді.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады

Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады

01.04.2026
Тыйым салынған кітаптарды сақтаған үшін айыппұл салынады

Тыйым салынған кітаптарды сақтаған үшін айыппұл салынады

01.04.2026
Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды

Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды

01.04.2026
Су үнемдеу технологияларын енгізу 5 есе жеделдеді

Су үнемдеу технологияларын енгізу 5 есе жеделдеді

01.04.2026
Бейбіт Исабаев Қаратал ауданының тұрғындарымен кездеседі

Бейбіт Исабаев Қаратал ауданының тұрғындарымен кездеседі

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.