«Astana Media Week 2024» шарасы екінші күнгі өз сессияларын бастады. Жиында «Өңірлік БАҚ дамуында сингерияның көрінісі» атты тақырып талқыға ұсынылды.
Сала сарапшылары қатысқан шарада өңірлік мерзімді басылымның қазіргі жай-күйі, түйіткілді мәселесі тарқатылуда.
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлының айтуынша, мерзімді басылымдардың тағдыры алаңдатпай қоймайды. Бұрындары неше жүз мыңдап таралған «Қазақ газеттері» құрамындағы «Егемен Қазақстан» газетінің өзі бүгінде 80 мың тиражбен ғана таралатынын жеткізді.
Тақырыпқа орай: Астанада жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан айтулы шара – «Astana Media Week 2024» басталды.
Сонымен бірге Дихан Қамзабекұлы саладағы күрделі жағдайға байланысты екі маңызды факторды атап өтті. Оның алғашқысы, цифрлық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлы медиадағы оқырман аудиториясының өзгергенін ескеру керек деді.
Екінші бір мәселе ретінде, атқарушы билік тарапынан болуы тиіс қадағалау мәселесін атады.
– Бұрынғыдай газеттердің тісі, азуы неліктен көрінбейді. Себебі атқарушы билік онда шыққан сынды бақыламайды, – дейді сессия спикері.
Қозыбай Құрман,
Астана қаласы
Фото: автордікі
Редакциядан: Ақпарат жедел ұсынылуына байланысты алдағы уақытта толықтырылады




