Талдықорған: +23°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ИНЖЕНЕРЛІК БІЛІМ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕНІҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

16.09.2019
КҮНДЕРЕК
ИНЖЕНЕРЛІК БІЛІМ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕНІҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Құрметті оқырман! Сіздердің назарларыңызға Қазақстанның инженерлік білім беру ассоциациясы — KazSEE директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Есбол ӨМІРЖАНОВПЕН сұхбатты ұсынамыз.

— Есбол Тоқтарбайұлы, бүгінде еліміздің жоғарғы оқу орындары тәуелсіз аккредитеуді жүзеге асыруда. Осыған байланысты өзіңіз қызмет істейтін агенттік қандай жұмыстар атқаруда?

— Қазақстанның инженерлік білім беру ассоциациясы — KazSEE 2007 жылы дербес қоғамдық және кәсіби ұйым ретінде құрылған болатын. 2017 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің бұйрығымен дербес аккредитациялық орган ретінде №1 Ұлттық реестрге бес жыл мерзімге енгізілді. Бүгінде KazSEE еліміздегі инженерлік білім беру бойынша маманданған жалғыз аккредитациялық орган және инженерлік білім беру бойынша еуропалық ENAEE жүйесінің толыққанды мүшесі. Осы уақыт аралығында Қазақстанның инженерлік білім беру ассоциациясы KazSEE бірқатар еліміздің беделді жоғары оқу орындарын институциялық аккредиттеуден, сонымен қатар, көптеген инженерлік бағыттағы оқу бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізді.

— Орайы келгенде тәуелсіз аккредиттеу жайлы мәлімет бере кетсеңіз.

— Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Білім туралы Заңына сәйкес, білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану рәсімі.

Білім беру ұйымын аккредиттеу білім беру ұйымының қаражаты есебінен ерікті негізде өткізіледі. Білім беру ұйымдары №1 Ұлттық реестрге енген аккредиттеу органдарының тізіліміндегі аккредиттеу органдарында институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқылы.

— Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің айырмашылығы неде?

— Институционалдық аккредиттеу — білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі. Бір сөзбен айтқанда аккредиттеуші органның стандарттарына оқу орнының атқарып жатқан қызметінің сәйкестігін тексеруі.Мамандандырылған аккредиттеу — білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау, яғни, оқу орны жүзеге асыратын оқу бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын тексеріп, сарапшылар тарапынан ұсыныстар, кеңес беру және басқалары.

— Сіз қызмет жасайтын Қазақстанның инженерлік білім беру ассоциациясы — KazSEE басқа қандай қызмет түрімен айналысады?

— Қазақстанның инженерлік білім беру ассоциациясы KazSEE №1 Ұлттық реестрге енгенге дейін көптеген жобаларға қатысып, еліміздің инженерлік білім саласының дамуына атсалысты. Дәл қазіргі кезде инженерлік білім беру сапасын көтеруге бағытталған Еуропалық Одақ қаржыландыратын ERASMUS+ ENTER — EngineeriNg educoTors pEdagogical tRaining — 598506-EPP-1-2018-1-PT-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жобасына қатысуда.

Аталған жоба инженерлік пән оқытушыларының біліктілігін көтеру жүйесіне қойылатын талаптарды зерттеп, жаңаша бағытта ұсыныстар қалыптастырады. Жобаның басты мақсаты инженерлік жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін көтеру бойынша айрықша білім беру бағдарламаларын жасап шығару болып табылады.

Бұл жобаға Қазақстан, Ресей, Эстония, Португалия, Словакия сияқты бес мемлекеттің жоғарғы оқу орындары мен аккредитациялық органдары қатысады. Атап айтқанда, Порто политехникалық университеті (Португалия), Дубницк технологиялық университеті (Словакия), Таллин техникалық университеті (Эстония), Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстанның инженерлік білім беру ассоциациясы KazSEE (Қазақстан), «Болон клубы» білім беру саласындағы стратегиялық бастамалар агенттігі, Ресей инженерлік білім беру ассоциациясы АИОР, Вятск мемлекеттік университеті,Дон мемлекеттік техникалық университеті, Қазан ұлттық технологиялық зерттеу университеті, Тамбовмемлекеттік техникалық университеті, Томск ұлттық политехникалық зерттеууниверситеті (Ресей) қатысады.

Жоба бойынша қатысушылардың жұмыстары екі рет бас қосуда талқыланды. Бұл бас қосулар Порто  политехникалық университеті мен Тамбовьмемлекеттік техникалық университетінде орын алды. Келесі бас қосу әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткізіледі деп күтілуде.

— Бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ?

— Жобаның мақсаты инженерлік білім берумен айналысатын оқытушылардың біліктілігін көтеру болғандықтан басты нәтиже сол ұстаздарға арналған біліктілікті көтеру курстары болмақ. Жоба аясында үш деңгейлі оқу курстарын жасақтау көзделіп отыр:

1-деңгей — қысқамерзімді курс (мысалы, 2 ECTS) — Сертификат «Біліктілікті арттыру»;

2-деңгей — Педагогтарды кәсіби қайта даярлықтан өткізу (мысалы, 8 ECTS) Диплом «Жоғарғы білім оқытушысы»;

3-деңгей, халықаралық (мысалы, 20 ECTS) — «Инженер-педагог» толық бағдарламасы, бұл деңгей халықаралық аккредитациядан өткізуді қамтиды. Бұл бағдарламадан өткен педагог халықаралық дәрежеге ие болады және дербес субъект ретінде аккредитациядан өтеді.

— Бағдарламадағы ECTS деген нені білдіреді?

— ECTS оқытудың кредиттік жүйесінің өлшем бірлігі. Яғни, оқытушының біліктілігін көтеруде қанша кредит көлемінде бағдарлама игеретіндігі.

— Сұхбат бергеніңізге рахмет!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Алматы

Қатысты жаңалықтар

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

01.04.2026
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жалақысы 30%-ға өседі

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жалақысы 30%-ға өседі

01.04.2026
UFC. Алмабаев оралады, Ыдырыстан допинг табылды

UFC. Алмабаев оралады, Ыдырыстан допинг табылды

01.04.2026
Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

01.04.2026
Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.