Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Итім» қауып алды

14.01.2024
КҮНДЕРЕК
"Итім" қауып алды
WhatsAppTelegramFacebook

Итім қауып алды! Шын айтамын. Айдың-күннің аманында итке таланған қожайын жайлы жыл басынан бергі жаңалықтың жаршысы осы болуы тиіс. Өзім асыраған соң өзімді қабады деп ойламадым. Өмір деген ойлағаныңдай болушы ма еді? Тасада тұрып «арс» еткенде өзің өсірген күшікке ашу да шақыра алмайды екенсің. Іштей ит ататындарға жүгінбек болдым да итімді аядым. Бірақ итімнің істегені таза иттік болды. Адамшылықтан ада төртаяқтылардан осыны күтіп пе едім?! 

Негізі менде үш ит. Біреуін өзім өсірдім. Көзін ашпай, енесінің төсінен мәжбүрлеп суырып алдым да  өз кеудеме бастым. Ит иесі күшікке деген емешегімді үзілдірген ыстық махаббатыма тәнті болған еді. Күшігім ит болғанша, итім есейгенше жиі хабарласып тұрды. Әлі байланысын үзген жоқ. Тіпті, туған күнімде итіме де, өзіме де саулық тілеп хабарлама қалдырып тұрады. 

Ал, екі ит ше? Екеуі күшік кезінде аулама еніп, аяушылық қасиетімнен сол аулада қалды. Пенде дегенді қойсаңшы. Аса мейірімді Алла жаратқан пенде дегеннің бойына сол мейірімнің бір сәулесі қонған соң ба, үшеуін де бөле-жармай мәпелей өсірдім. Жан баласына төкпеген адамшылығымды осы үшеудің төбесінен құйдым. Өзім жемегенді осылардың аузына тұттым. Жалақым түсісімен аш қалмасы үшін ақшамды үшеудің азығына жұмсадым. Кейде кешіккен жалақыға қарамай қарызданып азықтандырдым. Тоқетері, айналдым, толғандым. 

Үшеуіне елде жоқ ат та қойдым. Өзім асырағанға Кред, қолыма кіріп алғандарға Рин және Гаймор деген есім бердім. КредИтім әуелден жетілді. Тамақтан тарылдырмағасын әлден-ақ төбетке айналды. Ауламда сонадайдан төбе көрсетіп жүреді. Тартынбай тапқаныма әуелі ауыз салатын да сол. Ал РинИтім мен ГайморИтім күшігінен әлсіздеу болды. Жұртқа керек болмай тасталғасын, әу баста қамқорлық көрмегесін солай да болады екен. Дәріледім, емдедім. Тегінде ит боларына сендім. Сол сенгенім, қамқорлық көрсеткенім ит болғанда қабады деп үш ұйықтасам да түсімде көрмеппін. «Түс – түлкінің боғы», тіпті, ойламаппын. 

Жаңа жыл мерекесінде алаңсыз жүргенмін. «Той дегенде домалайды қу бастар» деген, жыл басында басты да, қолды да шыр көбелек айналдырған кезім. Әуелі КредИтім арс етті. Негізі Карл Краус оттаған. «Ит – адалдықтың үлгісі. Бірақ неге ол бізге үлгі болуы керек? Өйткені, бұл басқа иттерге емес, адамға адал» деген еді ғой. Менің иттерім адал болмай тұр. Бала-шағам былай тұрсын, өзім де татпағанды осылардың аузына тұтқанда мұндай қорлық көремін деппін бе? Мойнына қарғыбау салынбағандарымның бойында  титімдей адамдық қалмағанына налыдым. Шын сөзім.

Бірақ, өзімнен де бар кінә. Өзімшілдігім басым түсіп, қолымдағыны бала-шағама жұмсап, мәз-мейрам бола қойғанымды көре қалғаны. Ит екенсің дедім де, атып тастамаққа оқталғам. Күшік кезінде сый еткендер мән-жайды сезді ме, әйтеуір дүниежүзілік жануарлар құқығын қорғау ұйымының шартына сәйкес итке де қиянат көрсетпеу керегін еске салды. «Ай-қап» деп жуан санды салып қалғаным сол еді, әуелі ГайморИтім тап берді. Өзіне қол жұмсады деп ойлады, білем. Өйткені санға соғылған алақаннан дауыс қатты шықты. Талап тастамасына жанталасып, тұмсығынан тебе бергенім сол еді, РинИтім тісін ақситып  өзіме ұмтылды. Әкесінің аузын ұрып, қолыма жуан таяқ ұстай салып, жетпіс жеті атасын таныстырмақ болғам ғой. Сөйтсем, РинИтім күшіктепті. Күшік деген қыңсылап, жәркеленіштеніп, жағымпазданып, бет-аузыңды жалауға даяр тұрушы еді. Мынасы, жастайынан қағынған. Үйшігінен белі шықпай атылып тұр. Ашуға булыққан қаршадай күшік көзі қанталап тағы тап берді. Өлуге уақыт таппай жүрген жан үшін күшіктен қиянат көруді қалай суреттерімді де білмеймін. Жеті атамның дұшпандары жасаған қорлығынан асқанды көрсеткен мына күшікке бар қаһарымды төккім-ақ келген. Бар білген боқтығымды орысша-қазақшасы аралас кеудемнен суырып ап, отыз екі тістің тұсына әкелдім де  кері жұттым. Не дегенмен күшік қой. Кішкентайында кірпі де сүйкімді көрінеді емес пе?! Тұла бойымдағы алпыс екі тамырым иіліп, жүрегім елжіреп, адамдық мейірімім ояна кетіп кеудеме баса қойдым. Көзі қанталап, бар зәрін шашып тұрған күшігім емініп тұрған соң қойсын ба, құрақ ұшып қойныма қойып кетті. Құдай жаратқан тіршіліктің есім-сойсыз жүргені жарамас деп КонъюнктивИт атадым. 
«Сұғанақ итке сүйек табылғыш» деуші еді. Иттеріңіз өздеріңізді сүйек көріп жүрмесін, абай болыңыз, оқырман. 

Мағмар МАҚСЫМ
Фото: freepik.com 

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.