Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КАСПИЙ КОНВЕНЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

13.08.2018
КҮНДЕРЕК
КАСПИЙ КОНВЕНЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

   Каспий теңізінің таңғажайып экологиясын қаз-қалпында сақтап қалу үшін заңсыз кәсіпкерліктің жолын кесу керек. Теңіз қойнауындағы биологиялық ресурстарға зиянын тигізіп, табиғаттың тепе-теңдігіне нұқсан келтіретін көлеңкелі кәсіп иелерімен күрес арнайы дайындалған мемлекетаралық құжат негізінде жүргізілгені жөн. Әрі Каспий теңізінде Қазақстан, Иран, Әзербайжан, Ресей және Түрікменстан тараптарына қатысы жоқ Қарулы Күштер болмауы тиіс. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бес елдің басын қосқан Бесінші Каспий саммитінде айтып өтіп, теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскери сенім шараларына арналған бесжақты келісім жасауды ұсынды. Бұдан бөлек, саммитте Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылып, геосаяси маңызға ие жеті халықаралық құжат қабылданды.

 

    «Каспийдің толқыны соғады жағаға». Талай ұрпақтың көңілін тербеп, санасында жатталып қалған осы бір ән тармағы Бесінші Каспий саммитінен кейін тағы бір жаңғырғандай әсер қалдырды. Бұл жолы жағаға соққан теңіз толқынының тамаша тұрпаты емес, түйткілді мәселелері көтеріліп, экологиялық және қауіпсіздік шаралары іске асырылды. Тарихи басқосуға Қазақстанның, Әзербайжанның, Иранның, Ресейдің және Түрікменстанның Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Ильхам Әлиев, Хасан Рухани, Владимир Путин, Гурбангулы Бердімұхамедов қатысып, жұмыр жердің інжу-маржаны – Каспий теңізі туралы келелі ой, ұсыныс-пікір, талап-тілектерін ортаға салды. Жиырма жылдан бері талқыланып келе жатқан өзекті тақырыпқа бес елдің басшылары тыңғылықты дайындықпен келіпті. Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында өткен алқалы жиында алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз алып, жүрекжарды лебізін жеткізді.
– Мен сіздерді Каспий теңізі жағалауында қарсы алғаныма қуаныштымын. Біздің кездесуіміз Каспий теңізінің халықаралық күнімен сәйкес келіп отыр және бұл тарихи шешімдер қабылданатын күн, – деп бастаған Қазақстан Президенті бес мемлекетпен шектесетін алып теңіздің бүгінгі таңдағы маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
   Тәуелсіздік таңы атқалы бері Каспий теңізіне қатысты қарама-қайшы пікірлер айтылып келгені, ортақ су қазынасын қолдануға байланысты алуан түрлі көзқарастың көрініс тапқаны жасырын емес. Каспиймен шектесетін бес мемлекет үшін теңіз бірден-бір дамудың көзі. Бүгінде теңізбен түйіскен мемлекеттердегі жалпы тұрғын саны 240 миллион адамды құрайды. Бұл дегеніміз – үлкен әлеует, көрсеткіші жоғары демография әрі серпінді экономика. Бес ел Каспийге қатысты кешенді мәселелерді тек бірлесу арқылы ғана шеше алады. Сондай-ақ, теңіздің қазба байлықтарын, әуе кеңістігін, суын ортақ келісім негізінде экологиялық талаптан қиыс кетпей пайдалану қажет. Елбасы осы жиында қабылданатын Конвенция теңізге қатысты көптеген мәселеге нүкте қоятынын тарқатып айтып берді. Бұл құжат ынтымақтастықты арттырып қоймай, теңіздің табиғи қалпында сақталуына да кепіл болады. Бір сөзбен айтқанда, қабылданған Конвенция теңіз айлағын тату көршілік және бейбітшілік мекеніне айналдырады. Теңіздің қауіпсіздігін, экологиясын, қазба байлықтарын, судағы шекара сызығының маңыздылығын баяндаған Нұрсұлтан Әбішұлы сөзін түйіндей келе: «Мен әріптестеріме – барлық елдің басшыларына, сондай-ақ, Конвенцияны әзірлеген арнайы жұмыс тобына өте маңызды жұмыс атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздер болмасаңыздар бүгінгі жетістікке жетпес едік. Ақтау саммитінің қорытындылары арқылы Каспий теңізіндегі жан-жақты іс-қимылдарымызды ілгерілетуге үлес қосылатын болады», – деді.
   Конвенция күшіне енгеннен кейін жаңа іс-қимылдар басталады. Келісімнің алғашқы кеңестері қол қойылғаннан кейінгі алғашқы алты ай мерзім ішінде ұйымдастырылатын болып шешілді. Жиында сөз алған Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан Президенттері теңіз мәртебесі ортақ мүдде тұрғысынан қаралатынын, Конвенция өзара достықты бұдан әрі жандандыра түсетінін айтып, саммитті жоғары деңгейде өткізген Қазақстан тұрғындарына, ақтаулықтарға ізгі тілектерін арнады.
   Пленарлық отырыс аяқталған соң алыс-жақын шетелден келген 400-ге жуық ақпарат құралының алдында брифинг ұйымдастырылды. Баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев журналистер қойған сауалдарға жауап беріп, саммиттің қорытындысы жайлы егжей-тегжейлі баяндады. «Біз әріптестерімізбен бірге Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу жөніндегі көп жылғы жұмыстарды қорытындыладық. Көпжақты тәжірибелік іс-қимылдарды ілгерілетуге қатысты жұмыстардың жағдайы мен кейінгі атқарылатын шараларды талқыладық. Сауда, экономика, көлік және қауіпсіздік салаларына байланысты маңызды келісімдерге қол қойдық. Көп жылғы сіңірген еңбектің шарықтау шегі бүгін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қоюмен аяқталды. Конвенция «Каспий теңізінің конституциясы» болып саналады. Мұнда теңіз жағасындағы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ, өңірдің қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен өркендеуіне кепіл болуға қатысты барлық кешенді мәселелерді реттеу қарастырылған», – деді Президент.
   Саммит соңында Конвенциядан бөлек, теңізде терроризммен күрес жүргізу, ұйымдасқан қылмыстың жолын кесу, сауда-саттық, көлік саласындағы ынтымақтастық, жанжалдың алдын алу, шекарадағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған бірлескен құжаттарға қол қойылды. Жиын қорытындысында алдағы уақытта өтетін Алтыншы Каспий саммитін Түрікменстанда ұйымдастыру туралы ұсыныс тасталды.

Қуаныш ТҰНҒАТАР. 

 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.