«Алматы облысы, Кеген ауданының 89 жастағы тұрғыны коронавирус жұқтырды», — деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.
Ол бұрын ауырған пациентпен байланыста болған. Қазір науқас Шелек ауылындағы аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Жалпы, Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 4 мамыр, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 150-ге жетті, жазылып шыққандар — 28 адам.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет ғаламтордан алынды





