Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кимешекте кие бар

17.03.2026
КҮНДЕРЕК
Кимешекте кие бар
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық киім мәдениетінің ерекше үлгісін көрсететін кимешектің де өзіне тән киесі бар. Кимешек – тек киімнің түрі ғана емес, ол қазақ әйелінің өмір жолын, мәртебесін, әдептілігі мен аналық қасиетін бейнелейтін терең мағынаға ие. Ғасырлар өтсе де тарихымыздан қалған тағылымдай қасиетті мұраға айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүріміздің символы болып келеді. Оның әрбір өрнегі, кестесі мен пішіні белгілі бір өңірдің ерекшелігін, халықтың талғамы мен ісмер әйелдердің қолөнердегі шеберлігін байқатады. Кимешек арқылы біз тек сән мен әсемдікті ғана емес, қазақ қоғамындағы отбасы құндылықтарын, ананың орны мен даналығын да көреміз. 

Жалпы этнографиялық киімдерде өңірлік, рулық айқын белгілер болады. Кимешектің ерекшелігі, біріншіден ол пішілуі мен тігілуінде. Оның ішінде майда бөліктері, жақ кестелері, жақ кестелерінен кейінгі сыруларының өзіндік сыры бар. Мысалы, екі қатар сыру салынса, жұбайы бар, ал жалаң сыру болса, жары қайтқанын білдіреді. Таңдай кестенің санына қарап қай руға жататыны мен дәрежесін білген. Кимешек ақ бұлдан тігіліп, кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады. Иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын «шықшыт» десе, алдын «жақ» деп, ал ұзыншақ болып келіп, арқасына түсер тұсын «құйрықша» деп атайды.

Қазақстанның қолөнершілер одағының мүшесі, этнодизайнер Тілек Сұлтанның зерттеулеріне сүйене отырып, кимешектің жақ үлгілеріне, кестесіне және пішілу үлгісіне қарап әйелдің қай жүзге, қай руға жататынын анықтай аламыз. Мысалы, Ұлы жүз кимешегінің пішілуі өте күрделі болған, бірнеше бөліктен тұрады, төбесіндегі төбелдіріктері де өте күрделі тігілген. Жақтың формасы төртбұрышты, жағы қысқа, қайырылады. Жақ – қызыл, жасыл кестесі мол, күміс қалыптармен әшекейленіп, маржандар қойылса бұл жас келіншектің кимешегі дегенді білдіреді. Жағы қарапайым, кестесі мен әшекейі аздау тігілсе оны сары жақ кимешек деп атайды. Мұны жасы 45-50-ден асқан әйелдер киген. Ал жұбайы өмірден өтсе, жақты толықтай алып, бірыңғай ақ жақты кимешек киген. Оңтүстік өңірде кестені салдыруға шектеу қойған, жақтың айналасына екше деп аталатын жіңішке таспа тартқан. Албан руларының кимешегінде төбелдірігіне дейін түгел маржандап, моншақтап киген. Жетісу өңірінің әйелдері гүлді өсімдіктердің өрнектерін салған. Сонымен қатар зер жіптермен (зергерлер алтыннан жіп шығарып, оны мақта жіппен орап зер жіп шығарған) зер кестелер тіккен. Оны оқалап кестелеу деп атаған. Жібек жіппен баспа техникасымен кестелеген. Ал кейін ХХІ ғасырда конва кесте келген, оны айқыш деп айтады. Кейінгі кимешектерді конвалап кестелеген, өте ұзақ уақыт алатын, көздің нұрын жейтін еңбек. Сондықтан көбінесе кимешектің жақ кестесін кестелеуге көздері жақсы көреді деп жас қыздарға берген. Ұлы жүз кимешектерінің формасы ұқсас болғанымен, үстінен орайтын күндігі ақбоз маталары әр өңірде әр түрлі, өлшемі 7-8 метрден бастап 26 метрге дейін, кей өңірде 40 метрге дейін ораған. Күндікті орау себебі, көшпенді халық болғандықтан түрлі жағдай туындауы мүмкін. Азаматтары жарақат алған кезде бинт орнына қолданған, әйелдер босанып жатса баланы орап алатын жөргек ретінде, жазатайым қаза болып жатқанда кебін ретінде қолданған. Күндікте де әр өңір өзінің рулық ерекшелігіне қарай бір орау формасын қалыптастырған.

Орта жүз руларында ішкі жағынан киетінді кимешек, сыртынан тартатын бөлігін «шылауыш» деп атайды. Кейбір өңірлерде зере жаулық немесе жаулық деп те айтып жатады. Кимешектің жақ кестесі, сыруы, пішілу формалары негізінде бір-біріне жақын, тек үстіндегі шылауыш тартуына, жақ кестесіне салынған өрнектеріне қарап, қай рудың келіні екенін айыратын. Керейлердің кимешегінде сырулары көп, кестесі мол болады. Егер сыруы мол, қызыл жіптен болса жас келіндікі деп біледі. Келінді тіл-көзден, сұқтан сақтасын деген мағынада оң жағына әшекейлеп үкі тағып қояды. Найман руының кимешегінде сыруы жоқ, тек зер жіппен кестеленген, жақ кестесін төмен көкірек тұсына қарай ұзынырақ түсіреді. Қызай руы кимешегінің кестесі мол, өсімдік өрнектері салынған, төбесіне шарбақ түйрегіш тағады. Орта жүз кимешегінің төбелдірігін шығаруы өте қарапайым, бір сайы кимешек, маңдайша көбінесе салына бермейді. Маңдай жағы шылауышпен жабылады. Сол үшін маңдайша, төбелдірігін шығармайды. Төбелдірік шылауыштың төбесінен бөлек дөңгелек кесте тігіп, шетін шашақтап, бөлек төбелдірік деп шылауыштың үстінен қондырады.

Кіші жүз руларында кимешекті көбінесе жаулық деп атайды. Сәукелесінің формасын сақтап, көлемді матаны айналдыра орап ішкі жағынан киізден сырып қалып қойған, сыртынан оралған маталарды басынан түсіп қалмау үшін оқамен, зер таспамен бастырған. Ішкі жағынан кимешек секілді тұйық емес орамал тартып, жағы ашық айқастыра, арт жағынан байлап, үстіне сұлама кимешегін қондырып киген екен. Адай руының жаулығы термелі деп аталған матадан (ол батыс өңірде қолмен тоқылған, қалың болып келеді) бастарына орамал қылып ораған. Оны кимешек сияқты тұйық, бітеу тікпеген, жалпы формасын шығарып, толықтай он екі құлаш орап алатын. Сонымен қатар «ілмері» жаулық деген түрі өте көп кездеседі. Термелі деген матаға оюлары ромбик, үшбұрыш түрінде, өңдері ашық жібек жіппен кестеленген. Жаулық тартысындағы басқа өңірден айырмашылығы маңдайын биік, жалпақ қайырады. Сол жерге киізді сырып қояды екен. Маңдайын биік қылып шекелеріне қарай, шекірейте тарта таққан.

Өз заманында «қасаба» деп аталатын кимешек түрін төре тұқымдары, билік иелерінің әйелдері киген. Өте сәнді баскиім, айналасы оқалар және зерлі шашақтармен көмкерілген. Негізі жаңадан босаға аттаған жас келінге кимешек кигізбеген. Ол алдымен орамалын орап, келіндік міндетін атқаруы тиіс. Кейіннен құрсақ көтеріп, бөбегін аман-есен бауырына басқан соң кішігірім той жасаған. Келіннің енесі мен абысындары арнайы нәзік алқызыл мен жасыл түсті жіптерді пайдаланып тіккізген табиғат символдары көрсетілген кимешекті дайындап, той үстінде келінге кигізген. Кимешек кию «ана атанды» деген дәрежені көрсетеді. Кимешекті күйеуі бар, ұрпағы мол үлкен әжеге жапқызатын.

Кимешек әйелдің денсаулығына пайдалы баскиім. Әйелдің құлағынан, көкрегінен суық өтпейді, денесін жылы ұстауға көмектеседі. Басынан ыстық өткізбейді. Сонымен қатар тазалық белгісі. Кимешектен шаш көрінбейді, тамаққа түсіп кетпейді. Бала емізгенде омырауы жабық тұрады.

Кимешек – өткеннің белгісі ғана емес, ол бүгінгі күні де халқымыздың рухани болмысын айқындайтын асыл мұра. Кимешектің сан түрін көріп, тың мағлұмат алғыңыз келсе М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне келіңіз. Музей қорында отыздан астам кимешек түрі сақталуда. Әрқайсысынан тағылым мен өнеге алып қайтуыңызға болады.

Айгүл ӘЛІМБАЕВА
М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері

Қатысты жаңалықтар

7 млн-нан астам ауыл тұрғыны үшін қоқыс шығару жүйесі реттелмек

7 млн-нан астам ауыл тұрғыны үшін қоқыс шығару жүйесі реттелмек

17.03.2026
Соғыс пен табиғи апат: Газа секторында құмды дауыл соқты

Соғыс пен табиғи апат: Газа секторында құмды дауыл соқты

17.03.2026
Respublica партиясының республикалық референдум қорытындысы бойынша мәлімдемесі

Respublica партиясының республикалық референдум қорытындысы бойынша мәлімдемесі

17.03.2026
«Жалған мәліметтер ұсынған»: Жол саласында 11 млрд теңге үнемделіп, бақылау күшейтілді

«Жалған мәліметтер ұсынған»: Жол саласында 11 млрд теңге үнемделіп, бақылау күшейтілді

17.03.2026
Кимешекте кие бар

Кимешекте кие бар

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.