Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көксу ауданында көп көңіл бөлінген салалар аталды

31.10.2024
КҮНДЕРЕК
Көксу ауданында көп көңіл бөлінген салалар аталды

Жетісу облысында 2023-2024 жылдары Көксу ауданына инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға және жобалау жұмыстарына, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет салаларындағы құрылыстарға, газдандыру, жол, тұрғын үй салу, абаттандыру ісіне облыстық бюджеттен 19,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты.

Жиында айтылғандай, биылғы оқу жылында Қаратал ауылында 120 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Балпық би ауылындағы бұрынғы спорт мектебінің ғимараты балабақша ретінде қайта жаңғыртылды. М. Құрманов атындағы және Мұқаншы орта мектептерінің спорт алаңдары жөнделіп, 4 мектептің материалдық-техникалық базасы мен кітапханалары жаңартылды.

— Былтырғы жылы кездесуге келгенде Балпық би ауылындағы Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің жағдайымен толық танысып, ғимаратты күрделі жөндеуге тапсырма бердім. Бүгінгі күні жобалық — сметалық құжаттама жасалуда. Нысанда күрделі жөндеумен қоса қосымша модульді асхана орнату және ғимаратты сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ аудандағы білім мекемелерінде газдандыру жұмыстары жүргізілуде, биыл 3 мектеп, 1 интернат, 1 балабақша қараша айында газға қосылады. Осы жылы Нұрмолда Алдабергенов және Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектептерге 2 автобус сатып алынды. Ауданның барлық мектептері мен балабақшалары қауіпсіздік шараларымен, бейнебақылаумен қамтылған, — деді Б. Исабаев.

Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалған жоқ.

Мәселен, өткен жылы Еңбекшіқазақ, Ақшатоған ауылдарында 2 фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілсе, Ақтекше, 10 жылдық Қазақстан, Мәулімбай және Мұқаншы ауылдарында 4 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылды. Ал биыл Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты ПЧ-45 ауылында және Еңбекші округіндегі Кеңарал ауылында блокты-модульдік медициналық пункттер қараша айының соңына дейін орнатылады. Сол сияқты Мұқыры ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жасалып, қолданысқа берілді.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылтоған, Бесқайнар, Жетіжал ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер биылғы жылдың соңында, ал Қаратал ауылында келесі жылы қолданысқа беріледі. Ақтекше, Жарлыөзек, Алғабас ауылдарына 3 санитарлық автокөлік сатып алынды. Сонымен бірге аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсартуға 127,5 млн. теңге бөлінді.

Мәдениет саласына келсек, 150 орындық Жарлыөзек ауылдық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр, 2025 жылдың соңында аяқталады. Сонымен қатар Мұсабек ауылына блокты-модульді мәдениет үйі орнатылуда.

 

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.