Гастроэнтеролог маман бір тәулікте қанша мөлшерде кофе ішуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Маманның айтуынша, ересек адам үшін тәулігіне кофеиннің ең жоғары қауіпсіз мөлшері –400 мг. Бұл шамамен 6 кесе эспрессоға немесе 2-3 үлкен кесе американо не капучиноға тең.
Дәрігер бұл норманы Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдар, соның ішінде ДДСҰ да қолдайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, ұйқысыздық, мазасыздық, ауыр гипертония, жүрек-қан тамыр аурулары, гастрит пен асқазан жарасы бар адамдарға кофе тұтынуды шектеу ұсынылады.
Ал жүкті әйелдер үшін кофеиннің рұқсат етілген мөлшері екі есе төмен болады.





