Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көксу ауданы Жетісуда алғашқы болып жыл соңына дейін толық газдандырылады

31 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Көксу ауданы Жетісуда алғашқы болып жыл соңына дейін толық газдандырылады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Көксу ауданындағы 34 елді мекеннің 26-сы өңірлік схемаға сай газдандыруға жатады, бүгінгі күнге оның 25-іне газ тартылған, яғни 40 мың адамның көгілдір отынға қол жеткізуіне мүмкіндік жасалған. Бұл ретте Нәдірізбек ауылындағы құрылыс жұмыстары, сол сияқты Балпық би ауылындағы газбен қамтылмай қалған көпқабатты тұрғын үйлерге құбыр тарту ісі аяқталуға жақын. Сөйтіп жыл соңына дейін 26 елді мекен толықтай көгілдір отынға қол жеткізіп, аудан облыстағы алғашқы 100% газдандырылған алғашқы аймақ болмақ. Бұл туралы Көксу ауданының тұрғындарымен өткен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу ауданында негізгі инфрақұрылымдарды,соның ішінде газдандыру, ауыз су жүйесін жаңғырту жол сапасын жақсарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Мәселен, тұрғындардың сұрауы бойынша Айнабұлақ ауылына кіреберіс жолда орналасқан көпір қайта жаңғыртылуда, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Сонымен қатар биыл Қаратал ауданындағы Кәлпе ауылынан Көксу ауданының Мұқыры ауылына дейінгі облыстық маңызы бар 56 шақырым автокөлік жолы толық жөндеуден өтті.

Бұдан бөлек Алғабас ауылына кіреберіс 3,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қараша айында пайдалануға беріледі.  Көксу бекеті, Алғабас, Қаратал, Кеңарал, Бесқайнар, Жетіжал, Нәдірізбек, Балпық би, Заречный, Айнабұлақ елді мекендерінің ауылішілік 22 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінді.

Жалпы соңғы үш жылда Көксу ауданында облыстық маңызы бар 37,3 шақырым жолға, елді мекендердің 78 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 19 ауылда жарық шамдары орнатылды. Биыл Көксу бекетінде сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту мен салу жұмыстарын аяқтаймыз. З.Тамшыбай ауылында құбырлардың тозуына байланысты сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту мен салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.  Бұл шаралардың барлығы аудан халқының әл-ауқатын арттырып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, — деді Б. Исабаев.

Қатысты жаңалықтар

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.