Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көлік министрі Қазақстанға жаңа такси агрегаторларын енгізбек

19 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Көлік министрі Қазақстанға жаңа такси агрегаторларын енгізбек

pixabay.com

WhatsAppTelegramFacebook

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның такси нарығында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері бұрынғы көлік министрі Марат Қарабаевтың тарифтерді ғана емес, такси нарығының өзін де реттеу қажеттігі туралы ұстанымы болғанын еске салды. Осыған байланысты журналистер көлік министрлігінің жаңа басшысынан осы тұрғыдағы ұстанымы мен қандай өзгерістер күтуге болатынын сұрады.

«Министр ауысқанымен, министрліктің ұстанымы өзгерген жоқ деп ойлаймын. Министрлік жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істеуге жағдай жасаумен айналысады. Соңғы шешім Альфард сияқты оң рөлді көліктерге қатысты қабылданды. Мұндай шешімді біз қабылдаймыз. Ал компаниялардың баға саясатына келетін болсақ, онымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агнеттігі айналысады. Ол мәселелерге араласуға өкілеттігім жоқ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агнеттігі өз тарапынан «Яндекс» және басқа да компаниялармен меморандумға қол қойды», – деді Нұрлан Сауранбаев.

Оның пайымдауынша, бағаны реттеу үшін нарыққа қосымша компаниялар енгізу керек, халықтың таңдауы болуы үшін қазірдің өзінде келіссөздер жүргізілуде.

Осы орайда журналистер бірқатар компания Қазақстан нарығына кіруге талпынғанын, бірақ бәсекелестікке байланысты одан шығып кеткенін атап өтті. Осыған байланысты БАҚ өкілдері көлік министрінен «Отандық такси агрегаторы пайда болуы мүмкін бе?» деп сұрады.

«Қытайлық Didi қанша сомамен кіргенін білесіз бе? Нарықты сынап көру үшін олар бағаны төмендетіп, жүргізушілерге солардың қызметі арқылы тасымалдау үшін қосымша ақы төледі. Жүздеген миллион доллар. Айтпақшы, өңірлерде жеке қазақстандық компаниялар жұмыс істейді, бірақ Алматы мен Астанада – ірі ойыншылар. Бүгінде Балтық жағалауы елдеріндегі Bolt компаниясы нарыққа кіріп жатыр. Олар самокаттардан бастап, таксиге көшеді. «Яндекспен» қазір InDrive бәсекеге түсе бастады, бірте-бірте қысып жатыр. Баға параметрлерін есептемесек, әрине, «Яндекс» қазір үздіктердің бірі саналады. Жақында өзім жүріп көрдім, бағасы қымбат, келісемін. Бірақ біз бағаны реттемейміз, ол біздің құзыретімізге кірмейді», – дейді министр.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.