Оңтүстік Кореяның астанасы — Сеул қаласында ұшқышы жоқ әуе таксиі сынақтан өткізілді. Бұл жайында «Еуроньюс» телеарнасы көрсетті.
Бейнематериалдан үлкен дронға ұқсайтын құрылғы 50 метр биіктікке көтеріліп, Сеул қаласының үстінен айналып, қауіпсіз жерге қонатынын көруге болады. Әрине, оның ішінде жолаушылар жоқ. Такси жалпы салмағы 200 келіге дейін көтереді. Яғни, оған екі адам емін-еркін отыра алады. Оның басқару желісі толығымен автоматтандырылған.
Кореяның ғалымдары ұшқышсыз әуе таксиін бес жылдан кейін жаппай қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





