Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КОРОНАВИРУС: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА СЫНАҚТАН ӨТЕДІ

4 тамыз 2020
КҮНДЕРЕК
КОРОНАВИРУС: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА СЫНАҚТАН ӨТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Лесбек Күтімбетов қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайтынын айтты. Бұл жайында толығырақ «Tengrinews.kz» тілшісі жазды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты наурыздың соңында алғашқы вакцинаны әзірлеуді бастаған болатын. 

«Мамырда оны тіркеу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жіберілді. Мемлекеттің тапсырысы — ғылыми-техникалық бағдарлама, біз бес вакцинаны әзірлеуді ұсындық», — дейді Лесбек Күтімбетов.

Ол әзірленген вакциналар бірнеше түрге бөлінетінін айтты: белсенді емес вакцина, қосалқы вакцина, екі векторлы вакцина, тірі вакцина.

«Әлемде бірде-бір кәсіпорын бір жерде вакцинаның бірнеше түрін дайындамайды. Біздің институтта өте жақсы мамандар жиналды. Ең сәтті шыққаны — белсенді емес вакцина. Дәл осындай вакцина Қытайда дайындалады, олар бірнеше ай бұрын қолданысқа ене бастады, кесте бойынша озып кетті. Оны Ресейде де дайындайды», — деді ғалым.

Лесбек Күтімбетовтің сөзінше, қазір тек белсенді емес вакцина дайын, қалғандары бойынша жұмыс жасалып жатыр. Маман белсенді емес вакцина клиникаға дейінгі тәжірибеден өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, жануарларға жүргізілген зертханалық сынақтар сәтті өтті. Қазір зерттеу маймылдар тәжірибеден өтіп жатыр. Онымен қоса, вакцина Алматыдағы сараптама орталығында тексеріледі.

«Вакцина сұйық, түссіз, арасында кішкентай ақ тұнба бар, ол вакцинаның құрамындағы иммуностимулятор. Вакцина зиянды емес, иықтағы бұлшықетке 0,5 миллилитр көлемінде енгізіледі. Шприцпен салынады, ауырмайды. Түрлі адам бар ғой, біреуінде ісініп, қызаруы мүмкін», — деді вакцинаны әзірлеуші.

Маман вакцинаны өзіне де салдырғанын, ешқандай кері әсер болмағанын айтады. Күтімбетовтің сөзінше, қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.