Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ОТАНДЫҚ ВАКЦИНА ЗЕРТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

19 тамыз 2020
КҮНДЕРЕК
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ОТАНДЫҚ ВАКЦИНА ЗЕРТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Коронавирус инфекциясына қарсы «QazCovid-in®» қазақстандық вакцинасы клиникаға дейінгі зерттеуден өтті. Бұл туралы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы (ДЗСҰО) мәлімдеді.

Аталған орталықтың Алматы қаласындағы аймақтық филиалының фармакологиялық сынақ зертханасы базасында COVID-19-ға қарсы қазақстандық белсенді емес вакцинаны (QazCovid-in®️) клиникаға дейінгі зерттеу аяқталды.

«Жануарларға вакцинаның күшейтілген дозасын салып, оның қауіпсіздігі мен уытты әсері мұқият тексерілді. Сонымен қатар, осы зерттеу аясында отандық вакцинаның ағзаға аллергиялық реакциясы мен денені тітіркендіргіш әсерінің жоқ екені анықталды. Жалпы, зерттеу әдістерінен басқа вакцинаның қауіпсіздік деңгейі қанның гематологиялық және биохимиялық көрсеткіштерімен расталды. Вакцинаның жануарлардың ішкі мүшелеріне әсері де бағаланды», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетіне қарасты «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК өкілдері.

Мәлім етілгендей, жіті зерттеу нәтижелері клиникаға дейінгі зерттеу COVID-19-ға қарсы отандық вакцина уытты емес екенін анықтады және оны кейін клиникалық сынақ барысында ерікті-адамдарға қолдануға болатындығын көрсетті.

«Жаңа вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін толық бағалау үшін қазақстандықтарды вакцинациялау үшін одан әрі кең ауқымды клиникалық зерттеулер қажет. Зерттеудің барлық кезеңі өткізілгеннен кейін ғана вакцинаның қауіпсіздігі туралы айтуға болады», — деді биология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» Алматы фармакологиялық сынақ зертханасының меңгерушісі Валентина Шнаукшта.

Атап өтілгендей, барлық эксперимент Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының жануарханасындағы эксперименттік жануарларға жасалған.

«Фармакологиялық зерттеулер зертханасы GLP OECD сәйкес, Словак ұлттық аккредиттеу қызметінің (SNAS) халықаралық аккредиттеу мәртебесіне ие және Қазақстандағы биоэквивалентті зерттеу жүргізетін жалғыз зертхана. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың жұмысын өзінің ресми сайтында тіркеп, оны клиникаға дейінгі зерттеуге рұқсат етілген Covid-19 қарсы вакцинаға кандидаттардың тізіміне қосқан болатын. Отандық белсенді емес вакцинаны ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірледі. Ведомствоның мәліметінше, ол Қазақстандағы науқастардан бөлінген вирус штаммы негізінде жасалған», — деді орталықтың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Қазақстанда 2020 жылдың 23 наурызында COVlD-19-ға шалдыққан алғашқы пациенттен патологиялық материал алынып, бір аптадан кейін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты SARS-CoV-2 вирусын бөліп шығарды. 2020 жылдың 9 мамырында COVlD-19-ға қарсы кандитат инактивтелген вакцина әзірлеу бойынша жұмыс аяқталып, оның хаттамасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жіберілді. 15 мамырда ДДСҰ алдын ала тексеруден кейін оны клиникаға дейінгі сынаққа жіберілген кандиат вакциналар тізіміне қосып, вакцина және әзірлеуші туралы ақпаратты ресми сайтында орналастырды. 2020 жылдың 15 мамырында зертханалық тышқан, сириялық атжалман, теңіз шошқасы, күзен және үй қоянына кандидат вакцинаны клиникаға дейінгі сынақ басталған болатын.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.