Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ауыл аралап, апталап қызмет көрсетеді

16 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Ауыл аралап, апталап қызмет көрсетеді

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Жауапкершілікпен жұмыс істеу, дер кезінде ем көрсету, көшпелі медициналық кешен – өңір тұрғындарының қолайлығы үшін.

2012 жылдан бастап Көксу ауданында «КамАЗ» автокөлігі негізінде жабдықталған көшпелі медициналық кешен жұмыс істеп келеді. Бұл – тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жасалған қадам. Жыл сайын дәрігерлер арнайы кестеге сәйкес ауданның барлық ауылын аралап, ауруларды ерте анықтауға жағдай жасауда.

Ауданда 34 елді мекен бар. Орталық аудандық ауруханадан бөлек, мұнда 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік-акушерлік пункт және 10 медициналық пункт қызмет көрсетеді. Өткен жылы көшпелі кешен арқылы 14 383 тұрғын медициналық көмек алған.

Кешен жетекшісі Гүлжан Қорабаеваның айтуынша, 2025 жылдың сегіз айында медициналық тексеруден 5456 адам өткен. Ауылдық округ аумағында 28 елді мекен бар, халық санына қарай көшпелі медициналық кешен әр ауылда бірнеше күн, кейде тіпті апталап қызмет көрсетеді. Кешен заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталған. Рентген, УЗИ, тіс емдеуге арналған аппараттар, электрокардиограф, көз тексеру құралы, гинекологиялық кресло және зертханалық жабдықтар бар. Ал шалғай ауыл тұрғындарына дәрігерлер қолдан келген барлық көмекті көрсетуде. Біз кейбірімен тілдесіп те үлгердік.

– Дәрігерлер келгенін ести салысымен бірден тексеруден өттім. Қан қысымым бар, арнайы есепте тұрамын. Ешқайда барудың қажеті жоқ, бәрі халықтың, әсіресе біз сияқты жасы үлкендердің ыңғайына жасалған, – дейді ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жұмаділ Жолдыбаев.

Айта кетейік, ауылдық амбулатория кадр мәселесі бойынша да толыққанды қамтамасыз етілген. Жалпы тәжірибелік дәрігер Салтанат Теміралиеваның айтуынша, жас маман болып «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында Мұқыр ауылына келген. Мемлекеттен 10 млн. теңге көлемінде көтермеақы алған. Ол Астана қаласындағы медицина университетін тамамдаған. Қазір жұбайы Айдын Амангелдімен бірге еңбек етуде. Жолдасы да осы жерде аға фельдшер болып жұмыс істейді. Дәрігердің айтуынша, бір күнде 40-50 науқас қабылдайды.

– Бәріне ризамын. 10 млн. теңге – жас отбасыларға үлкен қолдау. Ендігі мақсатым – округ тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету, мүмкіндігінше аурудың алдын алу. Біз педиатр мен терапевт болып бөлінбейміз, барлығынан хабардар болуымыз керек. Амбулаторияға 3200 адам тіркелген, олардың денсаулығын қорғау – басты міндет. Біздің ұстанымымыз – жауапкершілікпен еңбек ету, сапалы әрі дер кезінде ем көрсету, – дейді дәрігер Салтанат Темірғалиева.

С. КӘКІМҰЛЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.