Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА: БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІҢ ҚЫРЫҚ КҮНДІК АСЫ БЕРІЛМЕЙДІ

22 маусым 2020
КҮНДЕРЕК
КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА: БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІҢ ҚЫРЫҚ КҮНДІК АСЫ БЕРІЛМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қадірменді ағайын! Ұлтын сүйген ұл, асыл азаматымыз Бейсеннің ортамыздан кеткеніне де айдан асты. Оған арналған өлеңдер, оның жасаған жақсылықтары, айтқан сөздері туралы жазбалар легі әлі де толастар емес. Халықтың ол кісіге деген зор ықыласы жан тебірентіп қуантса, оның бұл өмірден озғаны жүректегі жараның аузын тырнап, жылатады.

Ел аман, жұрт тыныш болса, осы айдың (маусым айы) жиырма алтысында Бейсекеңнің өзінің туған ауылы Қызылжарда және жиырма жетісінде Талдықорғанда қырық күндігіне арнап ас беруді ұйғарған едік. Алайда заманды себеп билейді дегендей, бар әлемді әбігерге салған аты жаман індет соңғы аптада біздің жерімізде де жағдайды ушықтырып тұр.

Осыған дейін ел арасында ешкімнің танысы ауырған жоқ, бар ауру ма, жоқ ауру ма деген сынды сенбеушілік басым болғаны рас еді. Енді жан-жақтан нақты адамдардың ыстығы көтеріліп, тынысы тарылып жатқанын естіп, ауруханаларда дертке шалдыққандардың саны көбейіп жатқанын жаңалықтардан біліп отырып, бұл шараны өткізгеніміз қаншалықты дұрыс деген ойға қалдық.

Бейсекеңді жерлегенде келе алмаған, топырақ сала алмадым, отбасына көңіл айта алмадым деген кісілер аяқтарын үзеңгіге салып, жолға шыққалы отырғаны туралы да білеміз. Әйтсе де қазіргі жағдайды ескере отырып, жалпыға ортақ карантин ережелерін бұзбау мақсатында, өзіміздің де, өзгелердің де денсаулығына нұқсан келтірмеу мақсатында қырық күндігіне көпшілікті дастарқанға шақыру деген жоспарымыздан бас тартуға мәжбүрміз.

Бізге бұл шешімге келу оңай болмады. Сонда Бейсекең өзі болса, бұл жағдайда не істер еді деген сауал қойдық. Біз білетін Бейсекең бірінші кезекте өзін емес, айналасындағы адамдардың қамын ойлап, дұрыс тәртіпті белден баспай, ақылға сыйымды амалын жасар еді. Сол қисынмен ел-жұртты бір жерге жинамай-ақ, қасиетті жұма күні Құран оқып, дұға бағыштайық деген тоқтамға келдік. Біздің бұл ойымызды түсініп қабылдауларыңызды сұраймыз.

ҚҰРАНБЕК ӘУЛЕТІ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.