Талдықорған: +23°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«КӨРЕР ЖАРЫҒЫ БАР ЕКЕН»: ПОЙЫЗДА ТУҒАН ПЕРІШТЕ

06.11.2019
КҮНДЕРЕК
"КӨРЕР ЖАРЫҒЫ БАР ЕКЕН": ПОЙЫЗДА ТУҒАН ПЕРІШТЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жүрдек пойыздың ішінде отырған жүкті әйелдің аяқ астынан толғағы келерін кім топшылапты?! Жарық дүниені көруге асыққан нәрестенің кіндік анасы жерлесіміз боларын да сезсеші көңіл. Алланың мейірімінде шек жоқ. Тәңірдің өзі тұңғышын күтіп жүрген жас отбасының тағдыр бедеріне жазғандай бұл бақты. «Ақтөбе – Алматы» бағытына бет алған пойыз ішіндегі қызық оқиға әлі де ел аузында жүр.

Апта бұрынғы әңгіме. Әйтсе де, әлі де аңыз. Аңыз болмай қайтсін, естіген кісі сенер-сенбесін білмей қалады. Біз де басында күдікпен қарағанбыз, соңынан бұлтартпас дәлелдер еріксіз елжіретті. Мұндай да болады екен-ау?!

Шымкент қаласына аялдаған пойызға ерлі-зайыпты жас жігіт пен қыз отырады. 5-ші вагонға жайғасқан, ай-күні жақындаған аяғы ауыр келіншектің түнгі сағат 2-лер шамасында кенеттен толғағы қысып, сапарластарын састырады. Жолсерік Руслан Байекешов бірден пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке хабар береді. Жағдай бұлай құбыларын аңдамаған «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері әне-міне босанғалы тұрған әйелге жәрдемдесер дәрігер іздей бастайды.

Ұйқысын аша алмай, үрке қараған жұрт жөпелдемеде көмектесуге қолы бармай, шошып та қалады. Кейбірі Алатауға бет алған аядай пойыз купесінің перзентханаға айналғанына аң-таң. Осы сәтте 10-шы вагонда жатқан ардагер акушер-гинеколог Бейбіткүл Құлғанбаева ерлік танытады. Аптыққан жолсеріктен мән-жайды сұрап, алғашқы көмек көрсетуге ұмтылады. Зейнетке шықса да зейіні мен пейілі тарқамаған зерек те зерделі ақ халатты абзал жан осылайша шақалақты шетінетпей, аман алып қалады. Іңгәлаған сәбидің дауысы демде жолаушылардың жүзіне қуаныш ұялатып, пойызға тағы бір жолаушы қосылады.

– Көзім енді іліне бергенде пойыздағы шу ұйқымды шайдай ашты. Ебіл-дебіл жүгіріп жүрген жолсеріктердің жанайғайы пойызды басына көтерді. Ел қатарлы не болғанын білуге оқталып едім, босандырып алатын дәрігер таппай жүргенін естідім. Бірден қолымнан келген көмекті көрсетуге ұмтылдым. Қасыма Евгений Колопилов деген азамат қосылды. 2001 жылғы Алтынай есімді қыз екен. Алғашқы баласы. Шымкенттік дәрігерлер денсаулығына байланысты Алматыда босануын жөн санаса керек. Содан жолдасы екеуі алып шаһарға аттаныпты. Жолда осындай оқыс жағдайға тап болары үш ұйықтаса да түстеріне кірмеген. Нәрестенің көрер жарығы бар екен. Өмірге сөйтіп Кәусардай қыз келді. Атын ата-анасы Кәусар деп қойыпты. Бұдан артық қандай бақыт болсын?! – дейді Бейбіткүл Бейсатайқызы.

Кәусардың кіндік шешесі атанған Бейбіткүл апай Балқаш ауданы, Ақкөл ауылының тумасы. Сол жердегі шағын ауруханада акушер-гинеколог болып 30 жылдан астам уақыт қызмет еткен. Бүгінде зейнеткер. Немерелеріне ақылшы апа. Мамандығына адалдығы көрініп-ақ тұр. Біраз уақыт жұмыстан қолы босап, үйдің күйбең тіршілігімен жүрсе де, дәрігерлік міндетін ұмытпаған. «Жанында жүр жақсы адам» дегеніміз міне осы болар. Абдырап қалған жолсеріктердің де көңілі шат. Апайға алғысын айтып, аз-маз сыйлығын да ұсынған.

– Шыны керек, мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырмыз. Бұрын көрмегендіктен не істерімізді  білмей қалдық. Жақын маңдағы стансыға әлі біраз уақыт бар. Оған келіншек шыдай алар емес. Амалсыздан вагон-вагонды аралап дәрігер іздеуге тура келді. Әйтеуір, баланы бағына орай, біздің ниетімізге апаймыздың табыла кеткені. Ешқандай жағдай жасалмаса да, қорықпай періштені өмірмен қауыштырған ол кісіге айтар ілтипатымыз шексіз. Нағыз мамандығының майталманы екен, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің өкілдері.

Алғашында Шу бекетінде ауыра бастаған әйелге медициналық көмек керек болыпты. Пойыз бригадасы жүкті келіншекке көмек көрсету үшін нұсқаулықта жазылған ережелер арқылы тиісті шаралар қолданған. Аман-есен босанған жас ана Алтынай Темір Отар бекетіндегі дәрігерлерге тапсырылады. Қазір де денсаулығы жақсы. Бұрымдысының да дені сау.

Осы бір қызық та шытырманға толы пойыздағы оқиғаның мән-жайымен толық танысу үшін Бейбіткүл апайымызға хабарласқанымызда, бізден бұрын Кәусардың әкесі қоңырау шалып қызының ауруханадан шыққанын айтыпты. Ризашылығын білдіріп, қырқынан шығарғанда қонақ болуын да өтінген.

«Өмірге бір қозы келсе, бір түп жусан артық шығады» деген тәмсілге сүйенсек, пойыздың ішінде туған періштенің алдында үлкен бақыт күтіп тұр деп тілейік. Кішкентайлы болған әке-шешенің де ниетінің түзулігі шығар, Бейбіткүлдей жақсы апайымызды жолықтырғаны. Бәрінен де қызығы, жолдан қосылған жолаушы өмір билетін пойыздың ішінде алғаны болып отыр.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

01.04.2026
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жалақысы 30%-ға өседі

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жалақысы 30%-ға өседі

01.04.2026
UFC. Алмабаев оралады, Ыдырыстан допинг табылды

UFC. Алмабаев оралады, Ыдырыстан допинг табылды

01.04.2026
Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

01.04.2026
Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.