Талдықорған: +16°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

​»КӨШБАСШЫ — 2018″ ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

28.11.2018
КҮНДЕРЕК
​"КӨШБАСШЫ - 2018" ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ ТАПСЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талай жастың томағасын сыпырып, қоғамның сан саласына қанат қақтырған жерұйық өлкенің төрінде тағы бір шараның шымылдығы түрілді. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының таяуда тұсауы кесілген ғаламат ғимаратында озық ойлы, ұшқыр идеялы бір топ жасты марапаттады.

Дәстүрлі «Көшбасшы – 2018» байқауы өз саласында өрге озған өрендерді қанаттандырып, сапалы маман болып қалыптасуына соны серпін беріп келеді. Жастар сыйлығын тапсыру салтанатында келер жылдың тың жобалары мен жоспарлары да таныстырылып, мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлықтың жалғаса беретіні жайлы айтылды.

Кәмелеттік белеске жетіп, кәсіби білімін арқалаған албырт жас кез-келген мекеменің табалдырығын имене аттайтыны ақиқат. Алғашқы еңбек жолы да алдағы өміріне шуақ шашып, жүрегінде мәңгілік ұялап қалады. Сондықтан, әр жас маман өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарып қоймай, әріптестік сыйластыққа сызат түсірмеуі тиіс. Бұл оның біліктілігі мен білімі қаншалықты ұштасқандығын көрсетеді. Жастар сыйлығының осы тұрғыда маңызы зор, мәні де жоғары. Жастардың мәртебесін асырған жиын театрландырылған қойылыммен басталды. «Алтын адамның» айналасына жиналған әр сала мамандары көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов алдымен жиналған қауымды келе жатқан Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.

— Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл бастамалары – Қазақстан тәуелсіздігін баянды ету үшін әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылуға біздің жастар да үлес қосуы тиіс. «Менің Президентім» деп мақтан ететін, Елбасына қарап бой түзейтін жастарымыз бұл міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін, – деді өңір басшысы.

Өз сөзінде облыс әкімі Елбасының биылғы Жолдауына кеңінен тоқталып, 2019 Жастар жылы болып жарияланғанын атап өтті. Сонымен қатар, Жастар жылын өткізу бойынша арнайы Жол картасы дайындалды. Елімізде алғашқылардың бірі болып Талдықорғанның төрінен Жастарға қызмет көрсету орталығы салынды. Облыстық деңгейде, аудандар мен қалаларда Жастар ресурстық орталықтары құрылған. 253 ауылдық округте жастармен жұмыс істейтін мамандар бар. Жетісу өлкесінде 418 мың жас бар. Олардың ішінде дарынды жастарды қолдауға ерекше ден қойылған. Жалынды жастарға жыл сайын тапсырылатын «Көшбасшы» сыйлығы – осы деректердің нақты айғағы. Амандық Ғаббасұлы өнерімен көптің қошеметіне бөленіп жүрген Назым Өтеулина мен Әйгерім Бекболатованы ерекше атады. Бұдан бөлек, өңір басшысы көңілді тапқырлар клубының жұмысына, «Жетісу стайл» фестиваліне жоғары баға берді.

Шарада облыс басшысы жастарға арналған жаңа жобаны таныстырды. Ол – «Жетісу жастарының 100 жарқын ісі». Бұл жоба жастардың әр салада әлеуетін көтеріп, жарқын идеяларын жүзеге асыруға бағытталған. Амандық Ғаббасұлы өңірде жастардың қолға алуымен атқарылып жатқан игі істерге тоқталып, ел болашағы жастардың қолында екенін жеткізді. Сондай-ақ, халықтың мақтауына ілінген, ізденімпаз, идеяшыл, мақсаты айқын жастардың аты-жөндерін атап, олардың алдағы жоспарларын сәттілік, жұмыстарына шығармашылық табыстар тіледі.

Салтанатты жиында «Үздік жас журналист» аталымы бойынша «Жетісу» телеарнасының тілшісі Мадина Берікқызы марапатталды. «Бұл менің алғашқы марапатым. Қатты толқып тұрмын. Егемен еліміздің ең білікті маманы боламын деп уәде беремін», — деді жас журналист Мадина Берікқызы. Жиында ресурстық орталықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, университет, колледж бен мектептердің, кәсіпкерлік, спорт, медицина мен әскери мекемелердің, басқармалардың әр саладағы үздік жас мамандары марапатталып, 250 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Олардың қатарында көпбалалы жас отбасы, алапат өрттен екі баланы құтқарған бейбіт күннің батыры, бірнеше тілді жетік меңгерген үлгілі қызметкерлер бар. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Фото — Айдын НҰРШАНОВ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026
Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

30.03.2026
Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

30.03.2026
Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.