Облыс орталығы Талдықорған қаласында күзгі тазалық айылғы қарқынды түрде жүргізілуде. Коммуналдық қызметкерлер жол жиегін, саябақтар мен скверлерді және арық жүйлерін қоқыстар мен кепкен ағаштардан, жапырақтардан тазалау жұмыстары бастау алды. Бұл жұмыстар жер тоңы қатқанға дейін жалғаспақ.
Сонымен қатар, «Таза Сәрсенбі», «Таза Бейсенбі» және «Сенбіліктер» ұйымдастырылып, қала аумағына ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстар да басталмақ. Осылайша күз айларында талды қаламызға 6 мың түп ағаш көшеттері егу жоспарлануда.
Құрметті Талдықорғандықтар! Әсем қаламызды аялайық, таза, көркем болуына өз үлесімізді қосайық.




