«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары Аликеевтер отбасы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылы №64 дауыс беру учаскесіне келіп, дауыс беріп, өз белсенділігін танытты.
Әулеттің үлкені Рабиға Аликеева саяси шараға ел болып атсалысу керектігін айтып, жұртшылықты маңызды шараға ұйымшылдықпен атсалысуға шақырды.
– Қазақстанның болашағына қатысты науқаннан шет қалмау керек. Осы ретте ҚР-ның азаматы ретінде референдумға отбасымызбен қатысып, өзіміздің және келешек ұрпақтың болашағы үшін дауыс бердік», – деді Рабиға Аликеева.
«Жетісу-Ақпарат»