Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлем бойынша зорлық-зомбылықтан 1,3 миллиард әйел зардап шеккен

05.06.2024
КҮНДЕРЕК
Әлем бойынша зорлық-зомбылықтан 1,3 миллиард әйел зардап шеккен

Қазақ халқы үшін қыз баланың орны қашанда ерекше болған. Ол – үйінің берекесі, болашақ ана, ұрпақ тәрбиелеуші. Ертеден бастап-ақ ата-бабаларымыз қыздың құқығын қорғау мақсатында қазақтың заңында әйел құқығын арнайы тармаққа бөліп қараған.

Тәуке ханның «Жеті жарғысында» әйелдерге қатысты мынадай заңдар қарастырылған: «Сұлтанды, қожаны немесе әйел кісіні ауыр сөзбен ренжіткен адам жазаланады. Әйел кісіге сөз тигізген адам оған пұл төлеуге міндетті». Бірақ неге бүгінгі қоғамда осы тектес заңдардың қарасы көрінбейді? Әлде, қоғам нәзік жандылардың ар-намысы мен қорланбауын ойламай ма?

Бүгінде Қазақстанда әйел құқығы мен теңсіздігі белең алған мәселенің біріне айналды. Ерлер қауымы тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдердің саны артуда. Осы күнге дейін елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында бірнеше еркін минингтер де ұйымдастырылды. Алайда, әйел құқығын қорғайтын заңға түзетулер енгізіліп, қатаңдық орнағанын қалайтын азаматшалардың жан айқайына әлі күнге дейін нақты жауап болған жоқ.

Ендігі кезде әйелдер өздерінің тарапына көрсетілген зорлық-зомбылықты ашық айтуды жөн санады.

Біраз уақыт бұрын үлкен қалада еріктілер әйелдерге жәбір көрсетуге қарсы митингіге жаппай шықты. Олардың арасында отбасылық жанжалдың құрбаны болған Салтанат Нүкенованың суретін ұстап тұрғандары да табылды.

Қазақстанда Салтанат Нүкенованың өлімі қоғамды гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы бас көтертіп, қол жиюдың бастамасы болды. Мектеп қабырғасында, жоғары оқу орындарында және жұмыста да орын алып жүрген істерді айту едәуір көбейді. Бұрын ұят санап келген шындықтар көл бетіне қалқып шықты.

Мысалы, Астана медицина университетінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған студент әлеуметтік парақшаларда өз тарапына жасалған істі ашық айтуға ұялмады. Арудың айтуынша, университет профессоры «ауырып отырмын» деп айтқан қыздың денесін ұстап, қол жүгірткен. Бірақ, полиция қызметкерлері «материалды тексеру қорытындысы бойынша, істі расталмаған деп тану туралы шешім қабылдағанын» айтқан. Шулы оқиға әлеуметтік желіге шыққаннан кейін іс қайта қаралып, Қылмыстық кодекстің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша іс қозғалды. Тағы бірі ҚР-ның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елші кеңесшісінің әйелі 10 жыл бойы күйеуінен әлімжеттік көргенін айтып, ел Президентінен араша сұрап, видео үндеу жасады. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздар қоғамнан араша сұрап, күдікті әділ жазалануы үшін «Әлеуметтік желіні қолдануы керек пе?» деген сауал туындайды.

Ата Заңның I-бабында жазылғандай, елімізде адам және оның өмірі басты орында. Әйелдердің өміріне қасақана залал келтіріп, зардабы кісі өліміне дейін жеткен қоғамдық ушыққан мәселенің түйіні қашан шешілмек? Әлде бұл жабулы қазан күйінде қала бере ме?

Дәл осындай сананы сыздауықша солқылдатқан сұрақтар маза бермейді. Бұл тарапта қоғамның ойы екі жаққа бөлінеді. Бірі – қол көтеру мен дөрекілік көрсету орынды деп жатса, екінші тарап әйел жандыларға ешбір адамның жәбір көрсетуге құқығы жоқ екенін айтады. Жыл өткен сайын қоғам да, адамның ниеті мен пейілі де өзгерді. Талай жыл өткенімен, тамыры тереңге жайылған мәселе – әйелге әлімжеттік көрсету, қол көтеру бір шешімін таппады.

«Әйелді арасында ұрып тұрған жөн» деп санайтын көпшіліктің төмен ойы жүрекке салмақ салады. Тіпті, осындай пікір айтатындардың арасында әйелдердің де бар екені өкінішті.

Бейресми мәліметтер бойынша, күйеуі тепкіге алған 10 әйелдің екеуі ғана полиция бөлімшесіне жүгінеді. Жәбір көретіндердің көбі полицияға арызданудан бас тартады. Себебі, ерінен қорқады. Ал арызданған әйелдің көпшілігі шағымын қайтарып алады. Бірақ олар мұндай жайттардың қайта орын алатынын біле тұра, балалары үшін отбасын сақтап қалуға тырысады.

Психоаналитик Жұлдыз Төлеудің пікірінше, қоғамда «ұят болады» деген сөз басым. Қоғамда адамның өзінің өмірі емес, өзге адамдардың, туған-туыстардың сөздері маңызға ие. Жәбір көрген әйелдер таныстардан, көршілерден «ұят болады» деп өз өмірлеріне төніп тұрған қауіпті еш әрекетсіз көтеруге мәжбүр болады.

– Бейресми статистикаға сүйенсек, әйелдер мен балалардың зорлық-зомбылыққа ең көп ұшырайтын өңір – оңтүстік аймақ. Мұнда тұлғалық институттан қарағанда, әлеуметтік, туған-туыстық институт маңызға ие. Мұның пайдалы жағы да жоқ емес. Алайда бұл қадам әйелдердің одан әрі жәбірленуші рөлінде жүре беруіне алып келеді. Адамның ішкі жан дүниесін өлтіріп, соңында физикалық тұрғыдан өзін өлімге итереді, –  дейді Ж. Төлеу.

Әлемнің кей елдерінде жоғарыда аталған зорлық-зомбылық әрекеті ауыр қылмыс болып есептелмейді. Бірақ, Қытайда  бұл іс өте қатаң қаралады, қылмыскер бірден өлім жазасына кесіледі. Кездейсоқ жағдайларда кастрация жасау немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылады. Ал, Ұлыбритания елінде 2004 жылдан бастап заңда өзгерістер енгізіліп, әлімжеттік көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, бүгінде әлем бойынша сексуалдық зорлық-зомбылықтан 1,3 миллиард әйел зардап шеккен. Әрбір үшінші әйел өз өмірінде физикалық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады екен. Аталған мәселе тек бізде ғана емес, әлем елдерінде де жойылмай тұрғаны алаңдатпай қоймайды. Жауабы жоқ жаға ұстатарлық оқиғалардың азаюы уақыт еншісіндегі мәселе болып қала бермек.

Гүлнұр ЕРМҰХАНҚЫЗЫ
ЖУ-дің 3 курс студенті
Фото: den-der.kz 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.