Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ілияс ЖАНСҮГІРОВ-125: АҚЫНҒА АС БЕРІЛДІ

24 сәуір 2019
КҮНДЕРЕК
Ілияс ЖАНСҮГІРОВ-125: АҚЫНҒА АС БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығы қарсаңында ақын рухына құран бағышталып, ас берілді.

Айтулы басқосуда құлагер ақынның жерлесі, танымал журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өткенімізді таразылау рухымызды өсіретінін айтып, шараның мәнін салмақтады.

Ақынын ардақтауға арналған  басқосуға Қазақстан Жазушылар Одағынан жиырма шақты ақын-жазушы республиканың түкпір-түкпірінен келді. Асқа арнайы келген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов:

– Өздеріңіз білесіздер, Талғар ауданының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып ескерткіш-мемориал қойдық. Жыл сайын барып, жазықсыз жапа шеккен боздақтарымызға арнап, құран бағыштап, рухына тағзым етеміз. Ақын атамыздың туған жері Жансүгіров кентінің көркеюіне барынша көмек көрсетіп жатырмыз. Рухты жаңғыртуға арналған «Ауылым — алтын бесігім» бағдарламасы барысында бөлінетін қаржыдан аудан орталығын көркейту мен абаттандыруға, су, жол тартуға тағы да қаржы бөлеміз, – деді.

Шарада қазақ журналистикасының жампоздары Қали Сәрсенбай, Бауыржан Жақып, Мереке Құлкеновтер сөз алып, Ілияс Жансүгіров шығармаларының әлемдік әдебиетте алар орнын әңгімеледі. Облыстың абыз ағасы Наурыз Қылышбаев қызың – бек, ұлың – сес болсын деген ізгі батасын беріп, мерейтой қорына өз қалтасынан қаржы қосты. Ас беру рәсімінде Ілиястың келіні Қарлығаш және немересі Фатима ортаға шығып, ақын рухын асқақтатқан ел-жұртқа алғысын білдірді.

Аста қонақтар республиканың түкпір-түкпірінен келіп, қоғам қайраткері, аса дарынды ақын, журналист Ілияс Жансүгіров жайлы ой толғады. Жиналғандар  алдағы өтетін тойда атқарылатын шаралар, қосатын үлестері жайлы айтты. Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді деп аталы сөз айтқан ақынның тойы алдағы күзде туған жері Ақсуда тойланбақшы.

Гүлжан ТҰРСЫН,

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.