2018 жылғы 22 ақпанда сағат 10.00-де Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышевтің онлайн-конференциясы өтеді.
Үш сағат бойы онлайн режимде қазақстандықтар Ұлттық Банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласындағы құқықтарды қорғау туралы сұрақтарға және басқа да көптеген сұраққа жауап ала алады.
Сіздер сұрақтарды «ҚҰБ Төрағасы Д. Ақышевтің онлайн-конференциясы» арнайы бөлімінде ҚҰБ Online қосымшасы арқылы; ақпараттық әріптес «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің сайтында; сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Банкінің Facebook (www.facebook.com/ulttykbanki/ және www.facebook.com/nationalbankkz/), Instagram (https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/) ресми парақтарында, онлайн-конференциясының аңдатпаларында бере аласыздар.
Егер сіз әлі «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының пайдаланушысы болмасаңыз, оның App Store және Play Market дүкендерінде тиісінше iOS және Android платформаларында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүктеу үшін қолжетімді екендігін хабарлаймыз.




