Талдықорған: +30°C
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мадақтасақ, мадақтайық шопанды

Бұрындары «қойшының баласы» деген кәдімгідей беделді атау болған. Дана халқымыз «...қой бағып, құйрық жеген озар» деп қойшының бағасын арттырып, Шопандар тойын өткізген. Бұл үрдіс қасиетті Қаратал өңірінде жалғасты. Жаңаталап ауылында тұңғыш рет «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Үздік шопан – 2025» атты республикалық сайыс өтті.

27.05.2025
КҮНДЕРЕК
Мадақтасақ, мадақтайық шопанды

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Атакәсіпті ардақтап, ел дәстүрін жалғастырған еңбеккерлерге арналған жарысты «Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарының» Республикалық палатасы, аудан әкімдігі, «Бақыт Қаратал» ЖШС-і ұйымдастырды.

Сайыстың ашылу салтанатында сөз алған Ауылшаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы департаменті мал шаруашылығындағы асыл тұқымдық іс және норма шығармашылығы басқармасының басшысы Мұхит Омаров, «Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарының» республикалық палатасының атқарушы директоры Қайырлы Омашев игі шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде жарыстың өтуіне мұрындық болған «Бақыт Қаратал» ЖШС-нің басшысы Серікжан Жексембиев:

– Өткенімізге үңілсек «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп шопан ата таяғын ұстап, жаз жайлауда, қыс қыстауда төрт түлік малын жайған көшпендінің ұрпағымыз. Атакәсіпті дөңгелетіп отырған шопандардың еңбегі еленіп, мерейінің үстем болғаны кім-кімге де қуаныш. Сондықтан біз тарихымызды жаңғыртып, шопандардың мәртебесін өсіру, жел өтінде мал соңында жүрген жандардың еңбегін жастар біліп өссе деген мақсатта осы шараны ұйымдастырдық, – дей келе бұл үрдіс жылда жалғасатынын айтты.

Жарысқа республикамыздың әр өңірінен келген шопандар қатысты. Сайыс үш кезең бойынша өрбіді. Бірінші кезеңде қой шаруашылығындағы тест тапсырса, екінші кезеңде қозыларды енесімен табыстырды. Яғни, қатысушы 5 минут ішінде бөлінген бір қозыны алып, отар қойдың ішінен енесін табуы керек. Уақыт бойынша қозыны енесімен ерте табыстырған шопан жоғары балға ие болды. Үшінші кезең сұрақ-жауап форматында өтті. Мұнда қатысушылар қой өсірудің пайдасы мен бағудың қыр-сыры кеңінен талқыланды. Сонымен қатар шопан тапшылығы сынды өзекті мәселелер де айтылды.

Жайлаудан ырысын іздеген малшылардың сайысын тамашалауға сонау Түркия еліндегі Харран университетінен келген биохимик-формацевт Йылдырым Метин: «Маусым айында Алматы қаласында фармацевтика саласы бойынша өтетін конференцияға келген едім. Әріптестерім мені шопандар сайысын, ауылдың тыныс-тіршілігін көру мақсатында Жаңаталап ауылына шақырды. Түркияда көшіп-қонып мал бақпайды. Шопандардың ептілігін көріп, жарыстан керемет әсер алдым», – деді.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды еншілеген «Жасұлан» шаруа қожалығының шопаны Жасұлан Тасыбаевқа жылқы, тұғырдың екінші сатысынан көрінген «Тантыбай» шаруа қожалығының шопаны Амангелді Байғабылов ірі қара, үздік үштікті түйіндеген Жамбыл ауданынан келген «КТ Нұрымбай» шаруа қожалығының шопаны Болат Әпетаевқа қой берілді.

Соңында қатысушылар шопандарға қолдау жайлы өтініштері мен осындай игі шаралар жиі ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект әзірлеген вакцина алғаш рет адамдарға сыналды

Жасанды интеллект әзірлеген вакцина алғаш рет адамдарға сыналды

17.06.2026
Қазақстанда тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін кәсіпорын салынады

Қазақстанда тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін кәсіпорын салынады

17.06.2026
Елімізде автонесиеге сұраныс төмендеуде

Елімізде автонесиеге сұраныс төмендеуде

16.06.2026
Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады

Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады

16.06.2026
Жетісу облысында арнайы мобильді автозертхана газ шыққанын анықтайды

Жетісу облысында арнайы мобильді автозертхана газ шыққанын анықтайды

16.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.