Талдықорған: +13°C
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

12.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

Screenshot

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, құжат өңірлерде кеңінен қолдау тапқан.

Депутат жаңа Конституция жобасында «Әділетті Қазақстан» қағидаты айқын көрініс тапқанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында алғаш рет Преамбула мен жалпы ережелер деңгейінде мемлекеттік дамудың іргелі бағдары ретінде “Әділетті Қазақстан” құндылығы белгіленді. Бұл – Қазақстан Халық партиясы толық қолдайтын әлеуметтік әділеттілік ұстанымы. Әділетті Қазақстан – “Заң мен Тәртіп” қағидатын бұлжытпай орындайтын, тең мүмкіндіктер мен кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтарға негізделген ел», – деді ол.

Сонымен қатар, депутат тарихи сабақтастық пен ұлттық құндылықтардың сақталуына да ерекше назар аударды. Оның сөзінше, жаңа Конституцияның Преамбуласында қоғамдық бейбітшілік пен орнықты дамудың негізгі тірегі ретінде этносаралық және конфессияаралық келісімге айрықша мән берілген. Еңбек ету құқығы туралы норманың да қоғам тарапынан ерекше қолдау тапқаны айтылды.

Институционалдық өзгерістерге тоқталған Магеррамов мемлекеттік билік құрылымының жаңаруын атап өтті. Атап айтқанда, бір палаталы Парламент құру, «Халық кеңесі» атты жоғары консультативтік орган қалыптастыру және басқа да түбегейлі жаңашылдықтар мемлекеттің жаңа даму бағытын айқындайды. Депутаттың пікірінше, мемлекет енді тек процестерді басқаруға емес, азаматтарға қызмет көрсетуге бағытталуы тиіс.

Магеррам Магеррамов жаңа Конституция жобасының кеңінен қолдау тапқанын айтып, оны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды.

«Қазақстандықтардың басым көпшілігі жаңа Конституция жобасын қолдайтынына сенімдімін. Бұл – Комиссия жұмысының ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде қоғамдық, әлеуметтік топтармен, қоғамдық ұйымдармен және еңбек ұжымдарымен өткен кездесулердің нәтижесі. Қазақстан Халық партиясының филиалдары осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізді», – деді ол.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты партия фракциясының бастамасымен Парламент Мәжілісінде кеңейтілген отырыс өткенін хабарлады. Оған филиал өкілдері, сарапшылар, ғылыми және заң қоғамдастығының мүшелері, кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар қатысқан. Жиынға 100-ге жуық адам қатысып, жаңа Конституция жобасына бірауыздан қолдау білдірген.

«Жаңа Конституция жобасы – өткен кезеңнің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындаған халық бірлігі мен тұтастығының көрінісі. Осыған байланысты біз құжатты жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынамыз», – деп түйіндеді Магеррам Магеррамов.

Қатысты жаңалықтар

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

13.04.2026
Президент бірқатар Елшіні тағайындады

Президент бірқатар Елшіні тағайындады

13.04.2026
Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

13.04.2026
Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

13.04.2026
«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.