Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МАМАН КЕҢЕСІ: ҚАРЛЫ БОРАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

14.02.2020
КҮНДЕРЕК
МАМАН КЕҢЕСІ: ҚАРЛЫ БОРАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
WhatsAppTelegramFacebook

«Басқан жері сықырлап, келіп қалды» демекші, міне, қыс мезгілінің де соңғы күндері өтуде. Ақ мамығымен ерекшеленетін бұл мезгілдің өзіндік ерекшеліктері бар. Солардың ең бастысы, боран соғып, қар кептелуі сияқты табиғи құбылыстар.

Бұл құбылыс жолдар мен ғимараттардың қармен кептеліп қалуымен сипатталады. Кептелудің биіктігі 1 метр, ал таулы аумақтарда 5-6 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұл кезде жолдардағы көру қашықтығы 20-50 метрге дейін қысқарып, шатырлардың бұзылуы, электр және байланыс сымдарының үзілуі байқалады.

Қар кептелуі мен боран кезінде төмендегідей дайындық қажет:

— Егер сіз қатты боран туралы ескерту алсаңыз, есік-терезелерді, шатырдағы люкті, желдету тетіктерін мықтап жапқан дұрыс.

— Екі күндік су, тамақ және дәрі-дәрмек қорын, автономиялық жарықтандыру құралдарын (фонарь, керосин және май шамдары), батареялық радиоқабылдағыш дайындап қою керек.

— Теледидарды және радиоқабылдағышты қосып қойыңыз, себебі, жаңа қажетті ақпарат берілуі мүмкін.

Қатты боран кезінде жасалатын іс-қимыл мынадай:

— Үйден тек ерекше жағдайда шығуға болады. Жалғыз шығуға болмайды. Отбасы мүшелеріне, көршілеріңізге қайда кеткеніңізді, қашан оралатыныңызды айтып кетіңіз.

— Көлікпен тек үлкен жолдар мен магистральдарда қозғалуға болады. Көліктен шыққанда көру қашықтығынан ұзамаңыз. Жолда тоқтап қалғанда дабыл сигналын басыңыз. Көліктегі авариялық сигналды қосып, антеннаға ашық түсті матаны байлап қойыңыз және көмекті тек көліктің ішінде күтіңіз. Көлікті оталдырып қойып, көміртегі тотығынан уланып қалмас үшін терезені сәл ашып қойыңыз.

— Егер сіз елді мекеннен сырт жерде жаяу жүріп, бағдар жоғалтып алсаңыз, бірінші кезіккен үйге кіріп, өзіңіздің қай жерде екеніңізді біліп, боранның басылғанын күтіңіз.

— Егер сіздің күш-қуатыңыз таусылса, баспана немесе ық жер тауып, сол жерде қалыңыз. Бөтен адамдармен кездескенде сақ болыңыз, себебі, осындай табиғат апаттары кезінде көліктерді, үйлер мен ғимараттарды тонау саны күрт өсіп кетеді.

— Егер сіз қатты қар кептелуінде қалып, ғимаратта оқшауланып қалсаңыз, үрейленбей өз бетіңізше ғимараттан шығу жолын қарастырып көріңіз. Егер өз бетіңізше шыға алмасаңыз, құтқару қызметіне хабарласыңыз (112).

Үсіп қалған кездегі алғашқы көмек:

— Үсік шалған кезде жылы бөлмеге кіріп, үсіп қалған жерді кебу әрі жұқа матамен уқалап, жылы суға салыңыз және судың температурасын ақырындап 40-45 градусқа дейін көтеріңіз. Егер ауырғаны кетіп, сезімталдық сезіле бастаса, қолды немесе аяқты кептіріп сүртіп, шұлық немесе қолғап киіңіз. Парацетамол дәрісін қабылдап, ыстық шай ішкен дұрыс.

— Есіңізде болсын, үсіп қалған жерді спиртпен немесе қармен ысқылауға болмайды, терінің зақымдануы немесе инфекция түсуі мүмкін. Үсік шалғанда мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгінген абзал.

Құрметті тұрғындар! «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, ауа райының қолайсыз, боранды, аяз күндері өміріңізді қауіп-қатерге тікпей, тиісті органдардың хабарламаларына құлақ асуларыңызды сұраймыз.

Төтенше жағдайлар орын алған кезде тәртіпті сақтау, өзіңізді саналы ұстау мен қарапайым техника қауіпсіздігі қағидаларын орындау – сіз бен біздің амандығымыздың кепілі.

Е.АҚСАМБАЕВ,

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазселденқорғау» ММ «ЖААПБ» филиалы Қапал ӨПБ басшысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.