Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

3 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады
WhatsAppTelegramFacebook

АҚШ-тағы Вирджиния политехникалық институтының ғалымдары миға ең зиянды тағам түрлерін атады. 

Жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, өңделген ет өнімдері мен тәтті сусындар адамның есте сақтау қабілеті мен назарын әлсірететін басты факторлар болып шықты.

Мамандардың айтуынша, күніне осындай тағамдардың кем дегенде бір қосымша үлесін тұтынатын адамдардың когнитивтік бұзылуларға – деменция мен Альцгеймер ауруына – шалдығу қаупі едәуір жоғары.

Зерттеу барысында ғалымдар 2014 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта 55 жастан асқан 4 750 америкалықтыңденсаулығын бақылаған. Әр қатысушы жад, назар және ойлау жылдамдығын анықтайтын тестілерден өткен.

Нәтижелер алаңдатарлық: күніне бір рет болса да өңделген ет жеген адамдардың когнитивтік бұзылу қаупі 17 пайызға, ал тәтті және газдалған сусындарды жиі ішетіндердің қаупі 6 пайызға жоғары болған.

Сонымен қатар, жалпы “джанк-фуд”, яғни ультраөңделген тағамдардың үлесі мұндай тәуелділікті айқын көрсетпеген. Ғалымдардың айтуынша, ми үшін ең зияндысы – шұжық, сосиска сияқты ет өнімдері мен тәтті сусындар (газдалған сусындар мен қант қосылған шырындар). Ал тәттілер, снэктер мен сүт өнімдері салыстырмалы түрде азырақ зиянды деп танылған.

“Өзгертуге болатын нәрселер бар. Ең бастысы – шамадан тыс кетпеу және тамақтануда саналы таңдау жасау”, – деді зерттеу авторларының бірі, Вирджиния политехникалық институтының профессоры Бренда Дейви.

Ғалымдар американдықтардың сатып алатын өнімдерінің шамамен 65 пайызы, ал сусындарының 38 пайызы – ультраөңделген тағамдарға жататынын еске салды. Мұндай өнімдердің құрамында үй тағамында кездеспейтін түрлі жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер және қоспалар бар.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл мәселені шешудің бір жолы – адамдарға пайдалы тағам дайындауды үйрету болуы мүмкін.

“Диета ұстану – бір бөлек, ал дұрыс пісіруді білу – мүлде басқа нәрсе”, – деді зерттеу авторларының бірі Бен Кац.

Ғалымдар тәтті газдалған сусындар мен өңделген ет өнімдерін аз тұтыну арқылы ми саулығын ұзақ жылдарға сақтап, ойдың айқындығын арттыруға болатынына сенімді.

Зерттеу The American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланды.

Дереккөз: Stan.kz

Қатысты жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.