Қазақстанда биыл мектептегі оқу жылын ұзарту мәселесі қаралмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Министрдің айтуынша, алдымен елдегі барлық мектеп заманауи кабинеттермен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл талап толық орындалған жағдайда ғана оқу жылын ұзарту мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.
Ғани Бейсембаев білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын дамыту мәселелері шешілмейінше, оқу жылын ұзарту туралы сөз қозғалмайтынын атап өтті.





