Президент «Аваза» кешеніне келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Сердар Бердімұхамедов қарсы алды. Кездесуде Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның маңызды мәселелері талқыланады.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов күтіп алды.
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшылары бірге суретке түсті.

Еске салсақ, кеше кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.





