Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапары аясында бұл елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне барды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Анкара қаласындағы Анытқабір мемориалдық кешеніне барып, Ататүріктің рухына тағзым етті және Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Президент өз жазбасында Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланыс нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқына өсіп-өркендеу тіледі.
Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.







