Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек аралығында Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, бірқатар мемлекет және халықаралық ұйым басшыларымен келіссөздер өткізеді.
Сапар барысында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулер жоспарланған.





