Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кадрлық өзгерістер бар, бірақ халықтың тұрмысы өзгеріссіз

Мәжілістегі Үкімет пен Жоғарғы аудиторлық палата есебін талқылау кезінде ЖСДП фракциясының депутаты Асхат Рақымжанов елдегі әлеуметтік-экономикалық саясатты сынға алып, кедейлік деңгейінің өсіп, халықтың күнкөрісі төмендеп бара жатқанын айтты.

18 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Кадрлық өзгерістер бар, бірақ халықтың тұрмысы өзгеріссіз

barrons.com

WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлер, депутаттар ауысып жатыр, бірақ қарапайым халықтың өмірі оңалмай тұр. Статистика бюросының мәліметінше, 2015 жылы елдегі кедейлік деңгейі 2,7% болса, биылғы жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткіш 5,1%-ға жетті. Бұл – ресми дерек. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен үйінде ұсақ шаруашылық жүргізіп жүргендер бұл тізімге мүлде енбей отыр, – деді депутат.

Оның айтуынша, елде тұтынушылық несие көлемі жыл сайын артып келеді. Алайда азаматтар бұл қарыздарға тұрмыстық техника емес, ең қажетті азық-түлікті сатып алуға мәжбүр.

Импортты алмастыру саясаты нәтиже бермей отыр. Миллиардтар жұмсалған алмалық бақтарға қарамастан, супермаркеттердің сөрелерінде негізінен қытай және польшалық алма. Қазақстанда өсірілгендер болса да, бағасы шетелдікінен қымбат. Қарапайым картоптың өзін өзімізде емес, Қытайда өсірілгенін сатып алып жатырмыз, — деді ол.

Депутат азық-түлік бағасын арзандату механизмін де тиімсіз деп бағалап, оның нақты мұқтаж азаматтарға бағытталмай отырғанын сынға алды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын төмендету саясаты қайта қарауды қажет етеді. Бұл 29 негізгі өнім бәріне бірдей арзандатылған. Бірақ сол жеңілдіктер ұсынылатын супермаркеттерге барлық санаттағы азаматтар барады. Ал біз нарықтық тетіктерді енгізуге тырысып жатқандықтан, шын мәнінде бағаны ұстап тұру мүмкін болмай отыр. Салдарынан мұқтаж азаматтар нақты қолдаусыз қалып жатыр, — деді Асхат Рақымжанов.

Оның айтуынша, елде ең төменгі күнкөріс деңгейі нақты қажеттілікке сай келмейді.

Партия жүргізген мониторингке сәйкес, орташа қазақстандық отбасының тек ең қажетті азық-түлікті сатып алуы үшін кемінде 70 мың теңге қажет. Осыған сүйене отырып, ЖСДП фракциясы күнкөріс минимумын 115 710 теңгеге дейін көтеруді ұсынды.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.