Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Монтессори жүйесіндегі балабақша

9 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Монтессори жүйесіндегі балабақша
WhatsAppTelegramFacebook

Мария Монтессори әдістемесі – бұл ХХ ғасырдың басында итальяндық дәрігер және ағартушы Мария Монтессори жасаған ғылыми педагогикалық жүйе.

Бұл әдіс – балалар дамуын ғылыми бақылауға негіздеп, олардың ортадағы еркіндігі арқылы табиғи оқу қабілетін қолдауға бағытталған. Арнайы орта, шеңбердегі бостандық, дайындалған ересек, баланы бақылау, Монтессори материалдары, сезімтал кезеңдер, тәжірибелік қызмет арқылы оқыту Монтессори әдістемесінің негізгі принциптері.

Ал балаға тәуелсіз, жауапты, өзіне сенімді, таңдау жасау және шешім қабылдауға қабілетті тұлға ретінде дамитын жағдайлар жасау Монтессори әдістемесінің мақсаты. Түпкі мақсат – біртұтас, үйлесімді тұлға тәрбиелеу. Талдықорған қаласында «Алтын Ар Ай Kids бөбекжай – бақшасы» ЖШС 2010 жылдан бастап қызмет атқарса, Монтессори әдісі бойынша 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Балабақшаның басты ерекшелігі сол – балалар еш мәжбүрлеусіз, қуаныш және қызығушылықпен және айрықша қарқын, құрдастарымен жарыссыз үйренеді. Сабақта балалар ізденімпаз әрі бастамашыл бола біледі. Сондай-ақ, олар өздерін еркін ұстай алады, өзгелерге құрмет көрсетіп, тұрмыстық міндетті тамаша орындайды.

«Жеке шекара» мен «Мен кіммін» дегенге мән береді. Бұл әдіс әлемді зерттеудің ішкі мотивациясын іздеуге үйретеді және мәжбүрлеу мен жазалауға жүгінбейді. Компания Монтессори әдісімен тағы бір балабақша ашуды көздеп отыр. Осы мақсатта олар «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан 9% несиеге қол жеткізді. Субсидиялау құралы бойынша бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде несие бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендетіліп, «Даму» қорының кепілдігі берілді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.