Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Өмір шуағы

01.10.2024
КҮНДЕРЕК
Өмір шуағы

Дана халқымыз «Бала балдан тәтті, немере жаннан тәтті» деп текке айтпаса керек. Күннің шуағымен жер беті жылынса, ата-әжелеріміздің немерелеріне деген махаббаты, ыстық сезімі күллі әлемді жылытатындай. Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында мені тәрбиелеп өсірген апам жайлы жазуды жөн көрдім. 

Менің апам шыңдардың көксеңгірі. Ата мен әженің мектебінен өткен баланың арманы жоқ шығар, шіркін! Ақылы алтын қарияларымыздың тамылжытып айтқан әрбір тағылымды әңгімесі  өне-бойыңды шымырлатып баурап алады. Менің апам Күләш Даутова 6 баладан 18 немере, 2 шөбере сүйіп отырған жан. Мен апамның тәрбиесімен өсіп келемін. 

Қазақылықтың қайнар бұлағын сарқылтпаған апам Қаратал ауданында талай жыл кітапханашы болып қызмет істеді. Атам екеуі шопан болып қой да бақты. Ол кісіні  ауылдастарының бәрі еңбекқор, ұқыптылықты, тазалықты жақсы көретін жан деп біледі. Мені де жанына ертіп жүріп үй шаруашылығына баулиды. Кішкентай күнімізде ұйықтар алдында бәріміз «менің апам» деп қасына жатуға таласатынбыз. Өйткені ол ұйықтар алдында міндетті түрде ертегі айтып жатқызатын. Ақыры бәріміз кезек-кезек ертегі тыңдап ұйықтаймыз. Апам бүгінде қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін жиі айтып отырады. Бізге ақыл-кеңестерін беруден жалықпайды. Апамның арқасында мен де әр ісімді тыңғылықты жасайтын болдым. Ол ұлттық тағамдарымызды өте дәмді дайындайды. Мен болашақта әжемнің айтқан, үйреткен ақылының ізімен жүріп, үлгілі адам болуға тырысамын.

Ақжаулықты әжелеріміз, көнекөз қарияларымыздың арқасында бүгінгі ұрпақ қазақы құндылықты бойына сіңіріп келеді. Елі үшін барын берген қазыналы қарттарымызды әрқашанда құрметтеп, үлгі-өнегесін жастар арасында ұлықтау біздің басты парызымыз. Өйткені еліміздің болашағы ақсақалдар ақылын жас ұрпақтың бойына сіңіруден қалыптасады. Қариялар біздің сарқылмас қазынамыз. 

Айсана НАЗАРОВА,
№2 орта мектептің оқушысы
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025
Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.