Талдықорған: +15°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МҰРАЖАЙ ҚОРЫН БАЙЫТТЫ

03.10.2024
КҮНДЕРЕК
МҰРАЖАЙ ҚОРЫН БАЙЫТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент қаласындағы «Жауынгерлік Даңқ» музейінің мұрағаттар қоры жақында тағы бір құнды құжаттармен, 19 ғасырда Уфа қаласында басылып шыққан Құран кітаппен толықты. Бұл құнды мұра Жаркент өңірде өмір сүрген дін қызметшісі Үмбетқұл Мамайұлының шөбересі, ардагер ұстаз Тоқтасынның жанұясында сақталыпты. Имам ұрпақтары бабаның көзіндей көрген Құран және өздеріне бейхабар араб қарпімен өрнектелген құжаттарды өңір тарихына пайдасы тиер деген ниетпен мұражайға тапсыруды жөн санаған.

Мұражай ұжымы бұл құжаттарды қунышпен қабылдады. Шараға мектеп оқушылары, өңір өнерпаздары, көнекөз қариялар да қатысты. Әдеби-сазды жиын сән-салатанатпен өтті. Сөз алдымен Үмбетқұл имаманың шөбересі, зейнеткер ұстаз Тоқтасын Ибрайымқұловқа берілді. Ол атасының жас кезінде жергілікті молда мектебінен сауат ашып, ер жете келе Бұқара қаласындағы Көкіл-таш медресесінде білімін жетілдіріп, Жаркент өңіріндегі Қожан болыстығында мешіт имамы болғанын, Кеңес өкіметі орнаған соң қызыл саясаттың қуғын-сүргініне ұшырып, әулетімен қытай жеріне ауғанын әңгімеледі. Қолдарындағы Құран кітап пен араб қарпімен жазылған құжаттардың сандық түбінде сақталғанан гөрі тарихи дерек ретінде мұражайда ел игілігіне бергені жөн екенін айтып, музей директоры Қали Ибрайымжановқа табыстады. Сонымен бірге, Үмбетқұл имамның қолдан салынған портретін де мұражайға берді.

Жиынға арнайы шақырылған Алтыүй ауылындағы мешіт имамы, араб тілі мен жазба өнерінің білгірі Қанатқазы Манапұлы оқыла-оқылы әбден тозығы жеткен көн мұқабалы Құран осыдан екі ғасыр бұрын Уфа қаласында басылғанын, оның өткен ғасырдың басында Уфа қаласында ұйымдастырылған Еуропа мен Азиядағы дін қызметшілерінің құрылтайында шағатай тілінде шығарылған газетпен бірге Үмбетқұл Мамайұлының қолына берілгенін атап өтті. Сонымен қатар имамның діни білімі Ресей орталық мұсылмандар діни басқармасының біліктілік сынағынан жоғары деңгейде өткені, арнайы хаттама көрсетілгенін тәржімалап түсіндірді. Бұл құжаттар хижраның 1345 жылы 17 шаған айында, яғни 1927 жылы 20 ақпанда берілген екен. Өкінішке орай осындай марапаттар алып келген Үмбетқұл Мамайұлын 1929 жылы жергілікті кеңес билігі отбасымен түгел қудалап, ешқандай сайлауға қатысуға құқы жоқтығы жөнінде қаулы шығарған. Осы жылы күзде Үмбетқұл әулетімен қытай жеріне, қоныс аударған екен.

Мұражайдағы жиында зейнеткер Айдаржан Нүсіпов, «Жауынгерлік Даңқ» музейінің директоры Қали Ибрайымжанов сөз сөйлеп, ел ішінен табылып, халықтың игілігіне берілген құжаттар мен көне қолданбалы бұйымдар, тарихи мұрағаттардың мұражай қорын байытатынын, сондай экспонаттар мұнда келушілердің қызығушылығына себеп болатынын жеткізді. Шара аясында құнды жәдігермен мұражай қорын байытқан Үмбетқұл имамның ұрпақтарына ризашылықпен алғыс айтылды.

Мырзағали Нұрсейіт

 

Қатысты жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігі: Қазақстан мен ФАО стратегиялық әріптестікті нығайтуда

Азық-түлік қауіпсіздігі: Қазақстан мен ФАО стратегиялық әріптестікті нығайтуда

12.05.2026
Алакөлде 200-ден астам жас сарбаз ант қабылдады

Алакөлде 200-ден астам жас сарбаз ант қабылдады

12.05.2026
Елде бензин мен дизель өндірісі артты

Елде бензин мен дизель өндірісі артты

12.05.2026
Қазақстан Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды

12.05.2026
Спорт: 11-17 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесі

Спорт: 11-17 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесі

12.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.