Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Наурыздың тазалықпен үндестігі

22.03.2025
КҮНДЕРЕК
Наурыздың тазалықпен үндестігі

Наурыз – жаңару мен тазалық айы. Жер бусап, тоң еріген сәтте бұлақтың көзін ашып, айналаға тазалық жүргізіп, сұлулыққа бөленген жер жаһанды одан сайын жарқырата көрсеткенге не жетсін?! Көктемнің алғашқы айында сенбіліктер ұйымдастырылып, табиғат аясында, аула ішінде тазалық жүргізу осы Наурызбен астасып жатқандай. Наурыз – мейрам, ал мейрамды қашанда тазалықпен, молшылықпен қарсы алу біздің басты міндет. 

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасындағы атмосфералық ауа сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға ден қою, биоалуандықты сақтау және ерекше қорғалған табиғи аумақтарды дамыту бағыттарының бәрі Наурыздан басталып, негізгі бөлігі осы айда атқарылатындай. Мәселен, енді көктеп келе жатқандардың бетін ашып, кедергісіз өсуіне көмектесу, болмаса ағаш отырғызып, тамырын кең жаюына себепші болу – бәрі көктемнің бірінші айынан басталады.

Ақын Қадыр-Мырза Әлінің «Адам таза болмайды ешқашанда, Айналайын табиғат таза болмай!» деп келетін өлең жолы бар. Тазалық – адам айнасы. Ал көктемнің көркі, Наурыздың нақышы – тазалық. Дәл осы айда түрлі тазалық акциялары ұйымдастырылып, ауқымды жобалар қолға алынып, тұрғындар жаппай іске кіріседі. «Наурыздағы тазалықтың жөні бөлек. Ұжыммен ғана емес, достарымызбен, көршілермен тұрақты шығып тұруға тырысамыз. Әсіресе, Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында бұл істі жиілетеміз. Айналамызды тазартып, өзіміз де жаңаланып, дастарқанды да мол жаямыз», –  дейді Мұқыры ауылының тұрғыны Мереке Тілебалды.

Әр күн бір тақырыпқа арналған «Наурызнама» онкүндігінің соңғы күнін «Тазару» деп атап, текке тізімге алмаса керек-ті. Бұл күні тұтас ел болып жаңа мақсат, үмітпен жылды қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Туған жерімізді таза ұстау күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес» деп баса айтып өткен болатын.

Тазалық айлығының наурыздан басталуында да үлкен мән бар. Жаңару мен жаңғыру айы болғандықтан адам өз артында малдан гөрі талдың қалғандығын құп көріп, ағаш отырғызып, бір тал кессе он тал егеді. Айналаны ретке келтіріп, туған-туыс, жақынмен құшақтаса көрісіп, амандық-саулық сұрасады. Бұл наурыздың тазалықпен үндестігінің айғағы. 

Серік ҚАНТАЙ
Фото: offside.kz

Қатысты жаңалықтар

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.