Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу облысына жұмыс сапарын бабалар кесенесіне зиярат жасаудан бастады.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ummet.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бас мүфти Жетісу өңірінің әйгілі билері әрі батырлығымен есімі елге мәлім Ескелді би, Балпық би және Жолбарыс бидің рухына Құран бағыштады. Оларға Алла Тағаладан жарылқау мен ұрпақтарына амандық тіледі. Айта кетейік, Ескелді би, Балпық би мен Жолбарыс би бір заманда өмір сүрген, Абылай хан кезеңінде елді қорғап, жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған батырлар. Ел ішіндегі даулы мәселерді шешіп, халықты бітімге шақырған. Кесенелері Жетісу облысының Қаратал ауданында орналасқан.